ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Железин мектебіне Міржақып Дулатұлының есімі берілді

18:30, 22 шілде 2021

2003 жылы бой көтерген Железин ауданындағы тұңғыш қазақ мектебіне биыл биыл ұлт қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының есімі берілді. Бұған дейін №3 жалпы орта білім беру мектебі болып келген оқу ордасы мамыр айынан бастап «Оян, қазақ» деп ұлт рухын серпілткен ұлы тұлғаның атын иеленді.

2003 жылы «Ауыл» бағдарламасы аясында салынған Железин орта мектебінде бүгінде 174 жас өрен білім алуда. Өлкенің 300 жылдық  тарихында тұңғыш рет бой көтерген орталықтағы жалғыз қазақ мектебіне жуырда ғана Міржақып Дулатұлының есімі берілді. Нысан салынбай тұрып Мұрат Хасанұлы бастаған 100-ден аса тұрғын оқу ордасына ұлт көсемінің атын беруді сұраған  өтінішке қол қойды. Түрлі кедергілерге ұшыраған бастама 18 жылдан соң ғана іске асты.

Мұрат Хасанұлы, өлкетанушы, Железин ауданының  тұрғыны:

Бұл бірден мақтаныш, екіншіден бәрімізге міндет қажет нәрсе.

Ұлы тұлғаның есімін алған оқу ордасының аты затына лайық. Биылғы 18 түлектің екеуі алтын белгіге ие болса, біреуі үздіктер қатарынан табылды.  Спорт пен мәдениет саласында да жетістіктері баршылық.

Темірболат Дәулетов м.дулатұлы атындағы железин жоббм-нің директоры: 

Аудан, облыс республика көлемінде жетістіктеріміз бар   ие болып жүр.

Мектепте мұражай да қызмет етіп тұр. Мұнда өңір тарихы таңбаланып, айтулы тұлғалар жайлы мәліметтер берілген. Оқушылардың қолөнер туындылары мен ұлттық жәдігерлерге де көз қуантады. Сондай-ақ, мектеп оқушылары  Мұрат Хасанұлы бастаған «Елім менің» атты өлкентану экспедициясына да шыққан. Жарты ай бойы өрендер  ауданды аралап ел, жер тарихымен танысты. Аңыз әңгімелерге қанықты.

Мұрат Хасанұлы, өлкетанушы, Железин ауданының  тұрғыны:

Елді мекендерін таныттық, балаларға тиүсіндіріп айттық, бұрынғы қалған зираттарын  бұл  да отан.

Аталған экспедиция алдағы уақытта жалғасын таппақ. Ал мектеп ғимараты бүгінде күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
22:22, 30 шілде 2021
Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
Толығырақ...
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
15:32, 28 шілде 2021
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...