ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жазғы мектеп жұмысын бастады

23:52, 26 мамыр 2022

Павлодар қаласында бүгіннен бастап жазғы мектеп жұмысын бастады. Биыл шаһарда 12 мыңға жуық оқушы жазғы мектепке барады. 2 мыңға жуық педагог жұмысқа тартылған. Айта кетейік, бұл оқу үрдісінің ерекшелігі - баға қойылмайды, үйге тапсырма берілмейді.

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда жазғы мектеп жұмысын бастады. Балалардың барлығы да пандемия салдарынан білім саласында туындаған олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру мақсатында қатысып отыр.

Дәния Дәулет, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның оқушысы:

Жазғы мектеп маған ұнайды. Жазғы мектепте қысқаша сабақтар болады.

Санжар Тұрғұлдинов, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның 6-сынып оқушысы:

Жазғы мектеп бізге көптеген мүмкіндіктер береді.  Көптеген пәндерден оқып меңгеріп жатырмыз.

Жалпы, аталмыш білім ордасында жазғы мектеппен 500-ден астам оқушы қамтылған. 

Мадина Рамазанова, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия директорының орынбасары:

1 және 8 сыныптар, 10 сыныптарда. Жазғы метете 502 қамтылған. 9-11 сыныптар кірмейді. Мұғалімдерден 39 мұғалім жазғы мектеп жұмыс істеп жатыр.

Павлодар қаласы бойынша 47 мың оқушының ішінде 12 мыңнан астамы жазғы мектепке барады. Оған 2000 жуық ұстаз жұмылдырылды.

Қуаныш Қыдыралин, білім беру бөлімі басшысының орынбасары:

Жазғы мектеп аясында білім алушылардың оқу жетістіктері қарастырылмайды. Баға қойылмайды. үй тапсырмасы берімейді. Мұғалімдер оқушының білім сапасына байланысты оқу жоспарын құрастырды.

Айта кетейік, жазғы мектеп 26 ​​мамыр мен 17 маусым аралығында жұмыс істейді.  Оған ешқандай ақы төленбейді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Колледждерді дамыту мәселесі талқыланды
17:48, 12 тамыз 2022
Колледждерді дамыту мәселесі талқыланды
Толығырақ...
Облыс мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?
19:14, 10 тамыз 2022
Облыс мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...