ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

18:19, 18 ақпан 2021

Павлодарлық жас ғалымдар республикалық додада жалпы білім беру пәндері бойынша тағы да топ жарды. Бұл сында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам оқушы бақ сынаған. Айта кету керек, ғылыми додада оқушылар өз жобаларын онлайн форматта қорғады.

Арина Краскова №17 мектептің 11-сынып оқушысы. Республикалық жарыста «Қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша екінші жүлделі орынды қоржынға салды. Ол ұйымдастырушылар назарына «Жапырақтарды тиімді пайдалану» жобасын ұсынған. Бұл өз кезегінде қурап түскен жапырақтарды кәдеге жаратуға негізделген. Осылайша қаланың экологиясын жақсартуға болады,-дейді жас ғалым. Арина өзінің жетекшісімен бірге үш бағыт бойынша зерттеу жүргізген.

Арина Краскова, №17 жоббм 11-сынып оқушысы:

Бұл эко палено өндірісі, ол көмір мен отынды алмастыра алады, осылайша біз пайдалы қазбаларды үнемдейміз. Екіншісі-жапырақтардан топыраққа отырғызуға болатын көшеттерге арналған шыныаяқтар жасау, осылайша біз өңделген жапырақтарды топыраққа қайтарамыз. Үшінші бағыт-эрозияға ұшыраған топырақты қалпына келтіру үшін жапырақтардың оралуы.

Надежда Кончикова, №17 жоббм химия пәнінің мұғалімі:

Барлығы мектеп жағдайында жасалды. Жапырақтары алдымен кәдімгі ас үй блендерімен ұнтақталған. Біз балауызды қолдандық, оны суда ерітіп алдық. Мұның бәрі араластырылды, шприцке құйылды, пішінді беру үшін. Олар сондай-ақ крахмалды қай жерде жақсы және жақсы экопалено болатынын көру үшін жасады.

«Физика» бағыты бойынша республикалық конкурсқа 40-тан астам жоба ұсынылған. Бұл тізімде Кенжекөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мәжида Алпамыс та бар. Ол соленоидты қозғалтқыш құрастырыпты. Бұл жұмысқа 1 жыл уақытын жұмсаған.

Мәжида Алпамыс, Кенжекөл орма мектебінің 10-сынып оқушысы:

Осы соленоидтық двигательдің моделін біз 1 жыл бойы жасадық. Бірінші теорияны зерттеп, сосын практикалық жағын зерттеп, 3Д моделін жасап, моднлін құрдық. Осы соленоидтық қозғалтқышты біз болашақта автомобильдердің ручкаларында қолдана аламыз. Сосын есіктерде қолданамыз.

Әлібек Қалиасқаров, физика пәнінің мұғалімі:

Бұл қарапайым электромагнит, қарапайым механизмдерді істей алады. Мысалы, желдеткішті қозғалысқа келтіреді. Менің ойымша, осындай қарапайым бастамадан үлкен жобаларға жол ашылады. Мәжида жобасын қорғаған кезде Гумилев университеті тарапынан көп мақтау болды. жиын соңында менің оқушымды аталмыш университетке оқуға түсуге шақырды.

Мәжида ғылыммен нақты 8-ші сыныптан бастап айналыса бастаған. Бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Алдағы уақытта 10-сынып оқушысы жобасын халықаралың деңгейде қорғайтын болады. Қазіргі таңда құрылғысын жетілдіру жұмыстарымен айналысып жатыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Вероника Вишневская

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...