ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

«Жаңа көзқарас» пікірсайысы

21:39, 11 қазан 2021

М.Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде оқушылар арасында пікірсайыс ұйымдастырылды. сондай-ақ "Жаңа қөзқарас" дебат мектебінің мәдени-білім беру жобасы аясында қалалық мектептер арасында жарыссөзге қатысушылардың сапалы практикалық тәжірибе алуы және үздік дебатерлерді анықтау мақсатында дебаттар бойынша турнирлер өткізілді. Шараға 16 команда қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Облыстағы білім беру мекемелері арасында «ортақ пікірсайысты дамытуға арналған» меморанду бар. Аталмыш дебат осы келісімшарт шеңберінде қолға алынып отыр.  бұған дейін М.Әлімбаев атындағы мектепте қазақ сыныптары арасындағы лига өткен еді. енді міне, кезек орыс тілді сыныптарда.

Ақәділ Есенқұл, М.Әлімбаев атындағы ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі:

Қазақ лигасының турнирі өткен болатын. Қазақ лигасының турнирінде 16 команда қатысқан болатын. Және де олжердің жеңімпаздары осы орыс лигасының жеңімпаздарының командалары облыстық кезеңде өнер көрсететін болады. Павлодар қаласының атынан. Павлодар облысының деңгейінде өнер көрсететін болады.

Шараның негізгі міндеті - білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзі  және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

Ақмарал Мұхамеджанова, «Павлодар дарыны» орталығының басшысы:

Әлімбаев мектебі қалалық турнирлерді ұйымдастыратын кешенді орталық болып табылады. Кеше алғашқы іріктеу кезеңі өткізілген болатын.  Ол жерде 16 мектептің оқушылары қатысты. Бүгін үздік 8 команда іріктеліп алынды. Олар қорытынды кезеңде бақ сынайды.

Сайыс екі кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңі 3 ойыннан тұрады, оның қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге қатысатын сегіз команда анықталады. Турнирге қатысушылардың өздері бұл дебат ойындары болашаққа бағдар беріп, мамандық таңдауға жағдай жасайды,-дейді.

Айсұлу Ахметова, қалалық №19 ЖОББМ 10-сынып оқушысы:

Менің ойымша балалар дебат клубына өз –өзін дамыту үшін, өз болашағын табу үшін келеді. мысалы бүгінгі күні жартылай финалған 8 мектеп ойыншылары келген.

Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар естелік сыйлықтармен қатар, алғыс хаттармен марапатталды.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

 «Worldskills Kazakhstan» республикалық байқауы
08:53, 18 қараша 2021
«Worldskills Kazakhstan» республикалық байқауы
Толығырақ...
Облыс әкімі ЖОО-ның жұмысымен танысты
08:28, 17 қараша 2021
Облыс әкімі ЖОО-ның жұмысымен танысты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...