ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Worldskills Kazakhstan» республикалық байқауы

08:53, 18 қараша 2021

Қазақстанда алтыншы Республикалық «Worldskills Kazakhstan» байқауы өтті. Бұл жоба кейбір мамандықтарды дайындауда зор септігін тигізеді. Биыл Павлодар облысы 44 құзырет бойынша бағын сынады.

WorldSkills – бұл кең көлемдегі жоба. Жұмыс мамандықтарының дәреже деңгейін көтереді. Осылайша жоба арқылы ел колледждерінің білім сапасын тағы бір мәрте тексеріледі. 

Гульмира Баширова, білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

Чемпионаттың негізгі ерекшелігі ол 5 колледждің базасында ұйымдастырылды. Онда құзыреттілік орталықтары бар, олар өз кезегінде «Жас маман» республикалық акциясына қатыса алады. Биыл Павлодар облысында 5 қызретіллік бойы өткізіліп отыр.   

Тәуелсіз баға берушілер ретінде өңір колледждерінің әлеуметтік серіктестері шақырылған. Олар қатысушылардың білімі мен дағдысын саралап, тексерді. 

Аркадий Прудников, «Worldskills Kazakhstan» байқауының сарапшысы:

Ауыр механизмдері бар жәшікті жасау ойластырылған еді.  Қатысушылар металлда түрлі детальдарды жасайтын болады.

Жасаған дүниесі сыннан сүрінбей өткен қатысушы жеңіске жетеді. Металл туынды дәлдігімен, жасаған уақытымен бағаланады. Сонымен қатар, АгроСкиллс қозғалысын дамыту мақсатында сайысқа 8 аграрлық колледж қатысып, бақтарын сынады. Ветеринарлық қызметтің ауыл шаруашылығы тауарларын сатуда маңызды екенін атап өтуге болады.

Ерсен Дүйсенов, «Worldskills Kazakhstan» республикалық байқауының ұйымдастырушысы:

Екі модуль бойынша өтеді. Бірінші модуль ветериналық-санитарлық сараптама, екінші модуль кәсіби жағдаяттық міндеттерді шешу болып табылады.

Сайысқа қатысушылар жұмыртқа, ет, сүт өнімдерінің сапасын тексеруде өздерінің біліктіліктерін сынады. Жануарларға ем дом шараларын жасауды көрсетті. 

Бауыржан Қайдар,  «Worldskills Kazakhstan» республикалық байқауының ҚАТЫСУШЫСЫ  (Алматы облысы):

Павлодар қаласына бірінші рет келдім. Осы бірініші рет келгенде 1 орын алу мақсат. Облысымзға жүлделі орынмен оралу. Омыдан кейін Шанхайда өнер көрсетсек деген мақсатымыз бар.

10 Желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық чемпионаттың нәтижесі шығарылады. Жеңімпаздар ел намысын шанхайда қорғайтын болады.

 

Самал Қалиқызы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...