ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Үздік тәлімгер – 2022»

13:42, 28 қаңтар 2022

Қалалық білім беру басқармасы өңірдегі белсенді тәлімгерлердің арасынан үздігін анықтады. Конкурсқа барлығы 9 маман қатысқан.

Мөлдір Майбас өткен жылы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебіне жұмысқа тұрған. Музыкаға деген әуестігі бала кезінен бастау алыпты. Алдағы уақытта білікті өнер мамандарын тәрбиелемек ниетте.

Мөлдір Майбас, үздік тәлімгер:

Мен өзім мектепте музыка пәнінің мұғалімімін. Балалар вокал жағынан сабақ беремін. Сабақтан тыс жұмыстарымен айналысамын. Яғни қоғамдық істерге қатысуларын қамтимын, одан кейін еріктілер тобым бар «Ұшқан ұя»-атты, сол бойынша қарт адамдарға көмектесіп, ардегерлермен жұмыс жасаймыз.

Жас маман сабақ беру кезінде жаңа заманауи тәсілдер қолдана бастаған. Байқау жайлы естіген кезде, бағын сынап көруге шешкен.

Мөлдір Майбас, үздік тәлімгер:

19 қаңтарда осы «Үздік тәлімгер – 2022» сайысынң шарттары келді. Бірақ басында қорқыныш болды, себебі қала бойынша аға-тәлімгерлердің арасынан суырылып шығу оңай болған жоқ. Одан ары өзімді талпындырып, осындай Үздік тәлімгер – 2022 атағын алу маған бұйырды.

Мөлдір Майбас – 9 аға-тәлімгердің арасынан үздік атанды. Ендігі кезекте ақпан айында өтетін облыстық деңгейдегі тартысқа дайындалып жатыр.

 

 

Құдайберген Бердімұрат

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...