ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

20:40, 23 мамыр 2022

Биыл Павлодар облысында 4 мыңнан аса оқушы мектеппен қоштасады. Бірақ олардың жартысынан көбі ғана Ұлттық Бірыңғай тест тапсырмақ. Жалпы, аталмыш тестілеуде қандай өзгерістер бар?

Мамырдың 15-нен бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Оны мектеп және колледж түлектері тапсырады. Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратынша, облыста биыл 9 мыңнан аса адам тест тапсыруға өтініш білдірген. Олардың 610-ны сынақтан өтіп  үлгерді.

Ақнұр Құмаева, ұлттық тестілеу орталығының төрайымы:

Бірінші мүмкіндіктен  6451, 2 мүмкіндікте 3312 азаматша тіркелді. барлы 9763 болды.  Мамырдың 16 бастап.

Жалпы Павлодар облысы бойынша биыл 4300-ден астам оқушы мектепті тәмәмдайды. Олардың 84,6 пайызы, яғни 3600 оқушы Ұлттық бірыңғай тест тапсырса, 16 пайызы әртүрлі себептермен аталмыш сынақтан бас тартқан. Тест тапсырғандардың қатарында әзірге заң бұзғандар тіркелмеді, дейді спикер.  

Сәуле Ксембаева, ҰБТ өткізу және ұйымдастыру жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссияның мүшесі:

Биылдан бастап өзім комиссия мүшесімін. Шпрагалка болмады. тәртіп үйренген, дайын келеді. Артық ешқандай зат әкелмейді.

Биылғы тестілеуде бірнеше өзгеріс бар. Енді мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша 40 минут  берілді.

Ақнұр Құмаева, ұлттық тестілеу орталығының төрайымы:

Мүмкіндігі шектеулі балаларға 40 минут қосып берді. Мемлекеттік комиссия өздері бөлек отыратын бөлме берді. Қасына көмекші тағайындап берді.

Айта кетейік, әдеттегідей ҰБТ-ға 4 сағат беріледі. Ең максималды ұпай 140 болуы тиіс. Шектік ұпай педагогикалық мамандықтарға, құқық мамандығына  75 ұпай, ал басқаларға 50 ұпайды құрайды.

Сәуле Ксембаева, ҰБТ өткізу және ұйымдастыру жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссиясының мүшесі:

Балалардың өздерінің жеке кабинеттері бар. Бұрын тақтаға ілінеді. Содан кейін жеке кабинетінде шығады.

Өңірде Павлодар мен Екібастұз қалаларында тест тапсыратын орталықтар бар. Оларды оқушылар өздері таңдайды. Бір лекте 150 оқушы кіреді.   Ұлттық бірыңғай тестілеу 5-шілдеге дейін жалғасады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Колледждерді дамыту мәселесі талқыланды
17:48, 12 тамыз 2022
Колледждерді дамыту мәселесі талқыланды
Толығырақ...
Облыс мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?
19:14, 10 тамыз 2022
Облыс мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...