ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Тұлпар мініп, ту алған

11:30, 21 қыркүйек 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды.

Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Арман Абдуллаев, "тұлпар мініп, ту алған" жобасының жетекшісі:

Осы байқауға мектеп оқушылары қатысуға дайындалып жатыр. жалпы қатысуға 1000 нан астам оқушылар дайындалып жатыр. айта кететін жайт бұл байқау – біздің еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатыр. және де осы Павлодар облысында білім басқармасының демеушілігімен ұйымдастырылып жатыр.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Аудандық кезеңнен іріктелгендер облыстық сынға жолдама алады. Ал, жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен марапатқа қол жеткізеді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаражат бөлінген.

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

Оған облыстық бюджеттен арнайы қаражат бөлінді. Және осы жобаға қатысқан балалароны тек қана жаттап емес, сонымен қатар, ол жердегі айтылатын бүкіл қазағи дүниетанымды бойына сіңіреді деген үлкен сенімдеміз. Және осы жүзеге асады деп ойлаймыз.

Осы тәріздес байқауларды ел көлемінде жиі-жиі ұйымдастырып тұру керек,-дейді облыстың бас педагогы. Себебі, өлең жырды жаттау арқылы оқушы алдымен білім көкжиегін кеңейтеді. Екіншіден есте сақтау қабылетін жақсартады.

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

Жырмен сусындап өсу өте маңызды. Бұл үлкен идеологиялық жұмыс, бұл – мемлекеттілікті қалыптастыратын және балалардың ертең ұлттық сананы қалыптастыруға барынша септігін тигізетін үлкен жоба. Сондықтан да біз қазақ эпос қоғамдық қорымен бірге отырып, осы жобаны ат салысуға, бірге орындауға шын көңілден кірісіп кеттік.

Байқау 2021 жылдың 25 қыркүйек – 5 қараша аралығында өтеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 1000-нан астам өтініш беріп үлгерген.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
21:40, 18 қазан 2021
«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...