ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ҚҰРДАС ОҚУ ОРДАСЫ

18:17, 18 ақпан 2021

Қаламыздың 41-ші орта білім беру мектебінің шәкірттеріне есігін айқара ашқанына биыл 30 жыл. Тәуелсіздікпен құрдас оқу ордасы ширек ғасыр уақыт ішінде еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген мыңдаған шәкірттер тәрбиелеп шығарды.

Бүгінде мың жарымнан астам шәкірт тәлім алып жатқан 41- мектептің ашылу тарихы қиындық пен қызыққа толы. Оқушыларды құрылысы жүріп жатқан мектеп ғимаратының жанындағы вагонда қабылдағаны, оқу ордасының құрылысы уақытында аяқталмай шәкірттердің алғашқы жарты жылдықта 12-ші және 18-ші мектептерде бөлініп  оқыған кезеңдерін ұстаздар бұл күні сағынышпен еске алады. Қазір оқу ордасы инновациялық технологияларды енгізген, өзіндік дәстүрлері қалыптасқан білім ошағы. Гаухар Жанғалиқызының бұл мектепте ұстаздық етіп келе жатқанына 21 жыл. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертіп қана қоймай, түрлі жетістіктерге қол жеткізуде.

Гауһар Жүсіпова, №41 жоббм қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Берк Оля деген қызым осы облысты република көлемінде «Мың бала» атты ағартушылық–әдеби сайысқа қатысып «Асыл сөз» номинациясында үздік жеңімпазы болды. Содан кейін ұйымдастырушы елбасы содан кейін олар Елбасымен сол қорытынды конференцияда кездесіп қуанышты сәтте болып келді.

41-мектептің оқушылары қалалық, облыстық, республикалық  олимпиадаларда бас жүлдені ешкімге бермей келеді. 2014 жылы ұжым аттестациядан сәтті өтіп,  инновациялық мәртебесін растады.

Аяжан Зекирова, №41 жоббм 11-сынып оқушысы:

Біз осы мектепте оқығанымызды және біздің жеке қалыптасуымыздың дәл осы қабырғалардан өткенін  мақтанышпен айтатын боламыз.

Сауықтыру бағытындағы мектеп қабырғасынан осы жылдар аралығында 30-ға жуық «Алтын белгі»  иегерлері түлеп ұшты. Жоғары оқу орнынан кейін туған мектебіне келіп еңбек етіп жүргендер де аз емес.

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...