ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Тәуелсіздік жетістіктері» ашық сабағы өтті

04:25, 21 қыркүйек 2021

«Тәуелсіздік жетістіктері». Дәл осындай тақырыппен бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашық сабақтар өтті. Ең қызығы сабақты қарапайым ұстаздар емес, әкімдер, ғалымдар, кәсіпкерлер жүргізді. Білім ошағына барып келген тілшіміз толығырақ айтып берсін.

Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия оқушылары үшін «Қазақстан тарихы» пәні бүгін ерекше өтті. Оларға бүгін «Тәуелсіздіктің жетістіктері» тақырыбын облыс әкімінің орынбасары Айзада Амангелдіқызы  түсіндірді. 45 минутта мәртебелі қонақ 30 жылдағы оң өзгерістер, құндылықтардың өзгеруі, ел игілігі үшін жасалған дүниелерге тоқталды. Бастысы 30 жылдағы жетістіктерді өз өмірімен, еңбек жолымен  байланыстырды.

Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Ұлты болын сенімі болсын ол қазақстандық тең құқылы. 1995 жылғы констиутцияда тұтас халқы ретінде бекітілдік. Осы бірліктің арқасында бірінші жылдары нық аяққа тұрдық.

Сабақ барысында оқушылар спикердің сөзін ұйып тыңдап, сұрақтарын қойып, еркін отырды. Олар ел үшін қиын қыстау кезеңде дұрыс шешім қабылданғанын алға тартты. Соның нәтижесінде бүгін тереземізді өзге алпауыттармен теңестіріп отырмыз дейді.

Динара Жаманбаева, Ы. Алтынсарин атындағы мектептің 11-сынып оқушысы:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жайлы көптеген мәліметтер алдық. Осы келген қонағымыздың тарихын, еңбек жолы білдік. Мұны барлығы тәуелсіздің арқасы деп білеміз. 

Әділет Сейітқұлов, ы. Алтынсарин атындағы мектептің 11-сынып оқушысы:

Бізге еліміздің тәуелсіздігі біз үшін тегін оқу, көптеген гранттар. Сол арқылы мүмкіндіктерді пайдалану үшін еңбек ету қажетпіз.

Айта кетейік, дәл осындай тақырыппен аймағымыздың барлық білім ошақтарында ашық сабақ өтті. Оларды аудан әкімдері, депутаттар, еңбек ардагерлері, ғалымдар, кәсіпкерлер жүргізді.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
21:40, 18 қазан 2021
«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...