ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

«Тәуелсіздік ұланы» премиясы

12:09, 15 қазан 2021

Мектепте түрлі шараларға қатысып, олимпиадада топ жарып жүрген оқушылар үшін керемет мүмкіндік туды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік Ұланы» сыйлығы бастау алды. Байқау қашан басталады және қалай жүзеге асады? Сыйақы қоры қанша? Жиынға қатысып келген тілшіміз айтып берсін.

Павлодар облысының оқушылары 30 жылда 8830 марапатқа ие болған, ағымдағы жылы 245 медаль алған. Өңірдің құрама командасы республикалық олимпиада қорытындысы бойынша үздік команда болып саналады. 2021 жылы қосымша білім беру ұйымдарының 187 тәрбиеленушісі республикалық және халықаралық іс шараларда жүлделі орынға ие болды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мемлекет басшысының тапсырмасымен түрлі салада қабілет танытқан  дарынды балалар  «Тәуелсіздік ұланы»  сыйлығына қатыса алады.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:

Ғылыми жобаларға, пәндік олимпиада ға жеңген ұмтылған балаларды қолдау. Қолдау ғана емес. Бұрын грамата ғана беретінбіз. 50 АЕК көлемінде ақшалай қаржы берілетін болады.

Аталмыш премия 300 балаға беріледі.  «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы 5 номинация бойынша беріледі. Сайыс 3 кезеңнен тұрады. 18 қазаннан бастап   іріктеу кезеңі басталады. Конкурс желтоқсанның үшіне дейін қорытындыланады. Айта кетейік, аталмыш премия оқуда, олимпиадаларда, ғылыми жобалар мен қоғамдық жұмыстарда белсенді оқушылар үшін үлкен мотивация.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

 «Worldskills Kazakhstan» республикалық байқауы
08:53, 18 қараша 2021
«Worldskills Kazakhstan» республикалық байқауы
Толығырақ...
Облыс әкімі ЖОО-ның жұмысымен танысты
08:28, 17 қараша 2021
Облыс әкімі ЖОО-ның жұмысымен танысты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...