ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ДӘРСТҮРЛІ ОҚУ ФОРМАТЫНА КӨШТІ

18:06, 20 қаңтар 2021

Студенттер қауымы үшін осы жылдың 25-қаңтарынан бастап екінші семестр басталады. Ерекшелегі білім алушылар дәстүрлі оқу форматына көшті. Елдегі ахуалға байланысты жоо-дың дайындығы қалай? Әріптесім Гауһар Мұса біліп көрді.

Шаһарымыздағы университеттердің бірінде 8 мыңнан аса студент білім алады. Оның ішінде 3000 студент дәрстүрлі форматта оқуын жалғастырады. Оқу ғимаратының кіре берісінде көп адамының дене қызуын бір мезетте анықтай алатын тепловизор орнатылған. Заманауи құрылғы бірден дене температурасын өлшеп, егер нормадан ауытқу болса дыбыстық белгі береді. Бұған қоса, әр қабатта смарт санитайзерлер мен пайдаланылған бетперделер мен қолғаптарға арналған жәшіктер қойылған. Дегенмен кей студенттер үшін онлайн оқу жалғаса бермек.

Петр Быков, ЖОО академиялық сұрақтар бойынша проректоры:

Техникалық және ғылыми жаратылыстану  бағыты бойынша білім алып жатқан  2-3 курс студенттері аралас режімді оқу форматында білім алады. Ал, гуманитарлық, экономикалық, сондай-ақ заң бағытындағы білімгердердің барлығы қашықтықтан оқуын жалғастыра береді. Ал 4 курс студенттері диплом алды тәжірибесіне қатысты өтетін мекеме өзі шешеді.

Онлайнда оқитын студенттерге тиісті оқу материалдары жеке кабинеттеріне жүктеледі. Тапсырманы сол жерде орындайды. Ал, алыстан келіп оқитын білім алушылар үшін студенттер үйі  жұмысын жалғастыра бермек.

Айбек Ақаев, жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер бойынша департаментінің директоры:

Орналасу тәртібі санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес. Барлық қабаттарда, бөлмелерде санитарлық нормалар сақталынған. Егер мысалы бөлме екі орындық болса, біз ондай бөлмелерге бір ақ студентті орналастыра аламыз.

Шекара асып келген студенттердің бірі Дина Батырбек. Монғолиядан келіп, грантқа оқуға түскен. Бүгінде студенттер үйіне орналасқан.

Дина Батырбек, білім алушы:

Бірінші курсқа түстім. Жатақханаға тұрамын деп өтінім бердім. Соны қабалдады сосын жатақханаға кіргізді. Бізде жатақханада барлық жағдай жасалған. Төсек орын жылы су деген сияқты барлық жағдайымызды жасап берді.

Жатақханада барлық санитарлық талаптар сақталған. Дизинфекция жұмыстары жиі жүргізіліп тұрады.

 

Гауһар МҰСА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...