ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Соңғы қоңырау

21:56, 25 мамыр 2022

Нөмірі екінші мектепте өткен салтанатты шараға білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ ата-аналар мен қала әкімі Асайын Байханов қатысып, түлектерге ақ жарма тілегін жеткізді.

Облыс орталығындағы нөмірі 2-і мектептен биыл 52 түлек түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққалы отыр. Мыңға жуық оқушы білім алатын оқу орнының табыстары да жоқ емес. Оқушылар халықаралық, республикалық білім бәйгелерінде топ жарып, ел намысын қорғаған. Биылғы түлектердің арасында да озат оқушылар, үздік аттестат иегерлері бар.

Динара Сыздықова, мектеп түлегі:

Мектеппен қоштасқым келмейді. Әр күн сайын сағынамын деген ойдамын. Болашақта бастауыш сынып мұғалімі мамандығынң тандадым. Оның алдында олимпиада жүлдегерлері болдым. Мұғалімдерге алғысым шексіз. Бастауыш сыныптан жақсы мүғалімдер сабақ берген. Оларды арқасында тәрбие мен оқуым жақсы.

Алмас Сейітқазин, мектеп түлегі:

Мен мектебімдімақтан тұтамын.  Барлық педагогикалық ұжымға ерекше алғысы айтқым келеді. Барша түлектерге ересек өмірде сәт-сапар тілеймін. Ал, мектебіміз әрі қарай дамып, гүлдене берсін.

Бұл күн – алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәулелі сәт. Түлектер алтын ұя мектебі мен ұстаздарымен қимай қоштасатын күн де осы. 

Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Бүгін сіздер ерекше толқып, шаттыққа бөленіп тұрсыздар. Бала болашаққа деген үміт. Мамандық таңдау - маңызды қадам. Қай салаға барса да балаларыңыз өз ісінің шебері, білікті азамат ретінде өседі деп сенемін.

Салтанатты шараға келген ата-аналар да түлектерге жүректен шыққан ақ жарма тілектерін жеткізді.

Еретай Әбілдинова, түлектің әжесі:

Менің немерем 11 сынып аяқтап жатыр. Енді алға қойған мақсатына жетсін. Жақсы оқиды, қызыл дипломмен бітіріп жатыр. Өзімнің қолымда болған. Қазір әке-шешесінің қолында. Бірінші сыныпқа өзім әкелгенмін. Өзінің тек армандаған арманына жетіп, біздің тек көз қуанышымыз болсын.

Мерекенің соңы алтын ұя мектебімен қоштасқан түлектердің «Вальс биімен” аяқталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар