
Бүгінде облыс кітапханаларына «SMART-кітапхана» атты инновациялық жүйе енгізіліп жатыр. Бұл кітаптардың бірыңғай электрондық каталогы. Мобильді қосымшасы бар, оның көмегімен аймақтың кез-келген тұрғыны жақын маңдағы кітапханадан кітапты брондап, үйіне ала алады.
Өңірде 227 кітапхана жұмыс істейді. "SMART-кітапхана" мобильдік қосымшасында 50 мыңнан аса кітап орналастырылған. Бұндай жоба алғаш болып Павлодар облысында жүзеге асып жатыр.
Әсел Ақсақова, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:
Осы кезеңде Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларының орталықтандырылған кітапханалары осы пилоттық жобада жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат - оқырмандар санын 25 пайыздан 40 пайызға дейін ұлғайту. Бұрын біз жазып тіркейтінбіз. Бұнда автоматтандырылған жүйеде болады. Оқырман кітапта брондап, уақыт созбай алып кетуге мүмкіндігі болады.
Сондай-ақ, кітапханалар «Оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Бұл арқылы 2025 жылға қарай облыс халқының 28%-ы қамтылмақ.
Айнагүл жылқыбекова, С. Торайғыров атындағы кітапхананың бөлім басшысы:
Павлодар облысының кітапханаларында шамамен 3 млн кітап бар. Оның 1,8 млны мекмлекеттік тілде жазылған кітаптар. Соңғы жылдары кітап қоры 2,3 пайызға төмендеді. Бұған кітаптарды есептен шығару және кітапханаларды басқа ведомстволарға беру себеп болды.
"ЅМАРТ – КІТАПХАНА" жобасы енгізілгелі бері аймақта «Кешкі кітапхана» іске қосылды. Осының барлығы еңбек шығындарын 90% дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ертіс өңірінің цифрландыру жобасына енген 227 кітапхана "Смарт-кітапхана" жүйесі арқылы жұмыс істейді.
Аяулым Рахымжанова