ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Шығармашылық орталықтың жұмысы қарқынды

18:30, 28 қаңтар 2022

Биыл балаларды қолдау жылы. Яғни, жас ұрпақты жан-жақты дамыту шарасы еліміз бойынша іске аспақ. Бұл мақсатқа мемлекеттік бағдарлама да ат салысуда. Мәселен, Павлодар ауданы әкімдігі мен мәдениет бөлімінің қолдауы негізінде «Айсұлтан» шығармашылық орталығы өз жұмысын бастағанына екі айдан асқан.

Бұл шығармашылық орталықта қазір жүз бала өнерге үйреніп жатыр. Домбыра, эстрада-вокал және оригами үйірмесі жұмыс істейді. Оригами, яғни, қағазбен моделдеу және домбыра үйірмесіне 6-дан 17 жас аралығындағы балалар қатысса, эстрада-вокал үйірмесіне 4-тен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысады. Шығармашылық орталық балалар мен жасөспірімдерді қолдау бағдарламасы аясында ашылған.

Өміргүл Әшірбекова, шығармашылық орталықтың жетекшісі:

Осы бағдарламаның біздің мемлекетімізде бастау алғанына қуаныштымын. Біз сияқты жастарға өте үлкен мүмкіндік. Шығармашылық жақтан дамуға, қаржылай жақтан да жетілуге болады. Мемлекет басшысы айтты ғой биылғы жыл бізде балар жылы болғаннан кейін дарынды балаларды қолдау, дамыту біздің мақсатымыз деп ойлаймын.

«Сарыарқа» үйірмесінде 20 бала домбыра үйренуде. Барлығы да домбыраны алғашқы қағысынан бастаған еді.  Қазір әліппесін меңгеріп қана қоймай, шығармаларды орындауға көшкен.

Алмагүл Сұлтан, Заря ЖОББМ оқушысы

Екі айдың ішінде біз әннен күйге өттік. Әнді үйреніп, күйді үйреніп. Бұйырса 8-наурызда біз поури ойнап береік деп жатырмыз. Құттықтаймын маманы.

Орталық балаларды ән айту өнеріне де баулиды. Бұл үйірмеге келуішер саны да көп. Ән айтуға бәрі де ынталы.

Ақтоты Марданова, «Сиқырлы әуен» вокал үйірмесінің жетекшісі:

Осы вокал үйірмесіне 20 бала келсе, тағы да бар келгісі келетіндер. Басында ойладық жинаймыз ба, жоқ па деп. Бірақ, жиналды, асып та кетті. 

Жасөспірімдерге арналған әндер көп. Тіпті, ол әндер бүгінде көп айтылай да кетті. Енді, осы үйірмеге келуші балалар сололқыдықтың орынын толтырамыз деп отыр.

Нарқыз Қабдылқай, Заря ЖОББМ оқушысы

Ұлттық әндер ұнайды. «Әжетайым» деген, Қазақстан туралы әндер. Әр түрлі сондай әндер ұнайды.

Алтынай Жолжақсымова, Заря ЖОББМ оқушысы

Әр сағатында вокалдың тиімді пайдалануға тырысамыз. Көп балар болған кезде хормен жұмыс істейміз. Біңзге үлкен пайддасы тиюде.

Балалардың ұшқыр ойлауға үйретені оригами үйірмесі. Бұнда да 20 ға жуық ауыл балалары келіп, өздерінің қиялдарынан туған дүниені түрлі-түсті қағаздармен бейнелеуде. Болашақ инженерлер мен дизайнерлер дайындалуа деп айтуға болады. Балаларды қолдау жылы аясында жұмысын бастаған орталықтың ашылғанына ауыл тұрғындары мен ата-аналар дән риза.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...