ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Шоң Би» оқулары өтті

22:02, 3 мамыр 2022

Тарихымыздағы белгілі билердің бірі Шоң би Едігеұлы. Он сегізінші, он тоғызыншы ғасырларда өмір сүріп, елеулі еңбек еткен. Баянауыл ауданында әйгілі бидің есімін ұлықтау мақсатында аудандық «Шоң би» оқулары өтті. Оқушылар арнау, эссе жазып, Шоң бидің өмірі мен қызметі жайлы тест сұрақтарына жауап берді.

Шоң бидің өмір жолы, саяси қызметі бүгінгі таңда тыңғылықты зерттеуді қажет етеді. Ол өмір сүрген уақыттың контекстінде қарай отырып сараланған жаңа пайымдар қажет. Шоң би оқуларына жиналған зиялы қауым өкілдері осы ойды алға тартады. Бұл шара тарихи тұлғаның есімін таныту жолындағы негізгі қадамдардың бірі.

Серік Батырғожинов, Баянауыл ауданының әкімі:

Шоқтығы биік Шоң би атамыздың аудандық оқулары баршамызға құтты болсын! Белгілі бидің есімін жаңғырут мақсатында бүгінгі ауданымызда өкізгелі отырған оқулар қазақтың блегілі биін насихаттау, мол мұрасын білу бізді басты міндетіміз.

Оқушылар үш номинация бойынша сынға түсті. Солардың бірі Шоң би өмірі мен қызметіне арналған тест сұрақтарына жауап беру. Қатысушылар бұл кезеңнің аса қиындық тудырмағанын айтады. Шоң би жайлы оқығандары тестті сәтті тапсыруға мүмкіндік туғызған.

Нұрислам Қабкеш, Ақши ЖОББМ оқушысы:

Шоң би 1754 жылы Баянауылда дүниеге келген. Жерленген жері қазіргі Түркістанда. Менің әкемнің өзі тарихшы. Маған көмектесті, бір жағынан кітапты оқыдым. Сондықтан, маған оңайрықа болды.

Нұралы Исабек, М. Көпейұлы атындағы ЖОББМ оқушысы:

Бізге берген дереккөздерді дұмыстап оқысақ бізге жеңіл болуыш еді. Мен барлығын қарап шықтым. Өте оңай болды барлығы.

Бұл уақытта жыр жазуға құмар оқушылар Шоң би есімін ұлықтау мақсатындағы мүшайраға қатысып жатты. Жиыны жиырмаға жуық оқушы сол жерде отырып арнау өлеңдерін жазды. Бірі бидің адами қырын жыр етсе, бірі саяси бейнесін жеткізуге тырысты.

Бұдан бөлек оқушылар эссе жазып та сайысқа түсті. Қара сөзді әуес еткен оқушылар қиялдарындағы Шоң би оброзын сомдауға тырысты. Әрине, мың жүйріктің ішінде шын жүйрігі бар. Жүлдегерлер әр  номаниация бойынша жеке анықталып,  оларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

Мархабат серік, Ә. Марғұлан атындағы ЖОББМ оқушысы:

Эссе жазу тақырыбында «даланың дара тұлғасы» деген тақырып түсті. Сол тақырып бойынша Шоң бидің ееркшеліктері, сол биді тұлға ете отырып, еліме қалай адал қызмет ететінімді жаздым.

Қатысушыларға  жүлделі орындардан бөлек, арнайы жүлделер де табысталды. Ал, арнау номинациясы бойынша бас жүлдеге Ш. Айманов мектебінің оқушысы иелік етті.

Мейіржан баршынбай, Ш. Айманов атындағы ЖОББМ оқушысы:

Бұл мен үшін құрмет әрі абырой. Ауданның алдында, келіп отырған қонақтардың алдында жеңімпаз атану үлкен сый деп білеміз.

Аудандық Шоң би оқуларына жиыны алпысқа жуық оқушы қатысты.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Биыл оқу орындарына 9290 түлек оқуға түседі
10:08, 4 шілде 2022
Биыл оқу орындарына 9290 түлек оқуға түседі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...