ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Серпіндік» студенттер серпіле алмай тұр

17:45, 23 қыркүйек 2021

2014 жылы елімізде «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған болатын. Аталмыш жоба еліміздегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге таптырмас тетік деген болатынбыз. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік түлектерінің солтүстік аймақтарда тегін білім алуларына және одан әрі еңбек етіп, біржола тұрақтап қалуына жағдай туғызуды көздеген тың үрдіс еді. Бірақ биыл бағдарлама арқылы Ертіс өңіріне оқуға түскен студенттер саны әлдеқайда азайған. Бұған не себеп болып отыр? Сюжеттен көрейік.

Түркістан облысының тумасы Мейіржан Құралай төрт жыл бұрын Павлодардағы жоғары оқу орындардың біріне түскен. ҰБТ-де 50 баллдық көрсеткіштен жоғары алған ол, «Серпін» бағдарламасы жайлы естіп, құжаттарын жинай бастаған. Биыл уақыта өте келе, қолына дипломын алғалы жатыр.

Мейіржан Құралай, білім алушы:

Қазір Ақапараттық жүйелер мамандығының 4 курс студентімін. Алдауғы уақытта осы мамандық арқылы Павлодар облысында жұмыс істесем деген ойым бар. Жалпы бұл бағдарлама студенттерге өте қолайлы. Өйткені түрлі мүмкіндіктер ашады. Бізге жатақхана берді. Сондай-ақ, басқа жеңілдіктер берді.

Иә, бағдарлама арқасында солтүстікте жұмыссыздық деңгейі азайса, теріскейде еңбек нарығындағы маман тапшылығын шешуге мүмкіндік туар еді. Алайда бұл ойы­мызды «Серпінге» қатысты сезікті цифрлар су сепкендей басып тастауда. Түлектердің алғашқы легімен 2015 жылы жоғары оқу орынында білім алған балалар саны шамамен 300 ге жеткен. Ал, биыл оңтүстіктен тек 8 студент білім алуға келіпті.

Севара Құрбанбаева, ЖОО әдіскері:

Ең аз көрсеткіш өткен жылы алты студент қабылданған болатын. Ең максималды көрсеткіш 2015 жылы 286 студент. 2006 жылы - 161 студент. Төмендеп келе жатқаннын себебі: техникалық мамандықтарға көп бөлінеді. Мұғалім, аударма ісі мамандықтарына бөлінсе. Берілген гранттардың саны мен мамандықтардың түріне деп есептеміз. Жұмыс істмегендер дегенде, нақты 10-15 адамға жоқ болуы мүмкін. Яғни олар мүлдем бұл жердегі жұмыстар ұнамады деп сол жаққа жұмысқа кеткендер.100 пайыздан 10-15 пайызы деп айтға болады.

Жобаның мақсаты еліміздегі еңбек ре­сурсы басым аймақ жаста­рын жұмыс күші аз аймаққа тарту болатын. Ал жоғары оқу орын­дарындағы грант­тар техни­калық ғылым, ауыл шаруа­шы­лы­ғы, білім мен медицина саласын қамтиды. Едімізде алғашында бұл жобаға 2050 грант бө­лінді. 2015 жылы – 6200, 2016 жылы 4312 жас «Сер­пін» бағдарламасы бойын­ша білі­мін шыңдады.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
21:40, 18 қазан 2021
«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...