ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Сары қыз» кітабының тұсауы кесілді

19:12, 14 қыркүйек 2021

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия кітапханасының алтын қоры тағы бір балалар әдебиетімен толықты. Білім ордасының төрінде Қазақстан журналистер одағының мүшесі, өңірімізге белгілі жазушы Ғалия Құсайынқызы Балтабайдың «Сары қыз» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.

Сиясы кеппеген «Сары қыз» атты жаңа оқулық балаларға арналған. Кітап беттерінде Сары қыздың бала кезінде басынан өткен тәтті де, мәңгі есте қалған сәттері баяндалады. Кітап атауы автордың өзіне тікелей қатысты. Себебі, Ғалия Құсайынқызын анасы, бірге өскен достары «Сары қыз» деп атаған екен. Өскелең ұрпақ үшін құнды дүниелерге мол, тәрбиелік маңызы зор оқулық.

Ғалия Балтабай, Қазақстан журналистер одағының мүшесі:

Кішкентай балаларымыз немен айналысуда. Олар кітап оқима?! Тек қана ұялы телефон, компьютерде отыр ма?! Теріс жолға неге кетіп жатыр балалар? Себебі, біздің кезіміздегі балалар басқа болды ғой деген ой түйткілдері болды.

Мектеп жасындағы кішкентай балақайларға арналған кітап жеңіл, әрі түсінікті етіп жазылған. Өмірде адам бойына сіңірер жақсы қасиеттер мен, адалдық, еңбекқорлықты, дұрыс жолды көрсетеді. Кездесуде оқушылар кітап авторына сұрақ-сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Айта кетейік, «Сары қыз» кітабы үш тілде оқырман назарына ұсынылды.

Дінислам Болатханұлы, Білім беру басқармасының басшысы:

Бұл кітап шындығында өте маңызды. Мен онымен танысып, әсіресе қазақ тілінде көретін. Адамдардың тағдыры, өмірі, жоғалмайтын мәңгі құныдылықтар туралы сөз болады. Балалар өздері оқиды, пікірлерін жазады. Бұған қазақ әдебиетнің мұғалімдері ат салысады деп сенемін.

Тұсау кесу рәсіміне жиналғандардан бөлек, зум платформасы арқылы қатысқан оқырмандар болды. Олар оқулыққа қатысты пікірлері мен ақ жарма тілектерін онлайн форматта жеткізді. Тоқтала кетсек, биыл оқу ордасында «Кітап оқуға құштар мектеп»  және «Кітап fest» акциясы бастау алды. Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия әдебиет әлемінің ордасы болары хақ!

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

«Серпіндік» студенттер серпіле алмай тұр
17:45, 23 қыркүйек 2021
«Серпіндік» студенттер серпіле алмай тұр
Толығырақ...
«Тәуелсіздік жетістіктері» ашық сабағы өтті
04:25, 21 қыркүйек 2021
«Тәуелсіздік жетістіктері» ашық сабағы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
12:02, 21 қыркүйек 2021
Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
Толығырақ...