ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Павлодарлық университеттің студенттері неге қапалы?

20:34, 21 шілде 2021

Павлодарлық студенттер басқа педагогикалық университетке ауыстырылып жатыр. Бірақ, облыс орталығындағы Инновациялық еуразия университетіне оқуға түскендер бұған қарсы. Себебі, бұған дейін оларға толық білім алуға мүмкіндік берілетіндігі туралы, ал 2021 жылдан бастап студенттер саны толмайды деп айтылған. Ал, университет ректорының айтуынша, білім беруді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Білім министрлігі ЖОО-ларды бейіндеу стратегиясын анықтаған. Педагогикалық мамандықтар тек педагогикалық университеттерде шоғырлануы керек. Сондықтан, келісімшарт арқылы 530 студентті педагогикалық университетке ауыстырмақ.

Арманай Ғабдулова денетәрбиесі және спорт кафедрасының 2-ші курсын аяқтады. Енді, үшінші курсқа ауысу мәселесі қиындық тудыруда. Бастапқыда аталмыш университетті таңдағандықтан басқа оқу орынына ауысқым келмейді,-дейді. Себебі, педагогикалық университетте оқу құны жоғары екендігін алға тартады.

Арманай Ғабдулова, студент:

Біресе ауысасыңдар, біресе ауыспайсыңдар деп айтып келе жатқандарына 7 ай болды. Біз өзіміз басқа білім ордасына ауысқымыз келмейді. Себебі, осы жерде білім аламыз деп оқуға түстік. 

Бұған қоса, ата-аналар басқа университетке ауысқан кезде академиялық айырмашылық үшін ақы төлеу керек,-дейді. Ал бұл аз сома емес.

Дина Смақова, ата-ана:

Білім беру ақысы төмен болатын бұл жерде. Ал, педагогикалық университет кәсіби педагогтарды дайындайтындықтан оған төлейтін қаражат та аз емес. Сонда қалған ақшаны қалай төлейді ата-аналар?

Ал, университет басшылығы болса, ешқандайда қосымша ақы талап етілмейді, қос тарап арасында арнайы меморандумға қол қойылғандығын айтады.
Анастасия Алиясова, Инновациялық Еуразия Университетінің ректоры:

Тағы да айтып өтейін. Біз Павлодар педагогикалық университетімен келісімшарт жасастық. Төлемақы өзгермейді. Бұл тек бізде ғана емес, Қазақстан бойынша жүзеге асырылып жатқан дүние.
2021 жылға арналған даму бағдарламасы бойынша аталмыш университет инженерлік-экономикалық бағытты таңдаған. Демек, лицензиясыз педагог мамандарын дайындай алмайды.

Анастасия Алиясова, Инновациялық Еуразия Университетінің ректоры:

Мысалы, Торайғыров университеті өз студенттерін қаңтар айында ауыстырды.  ППУ да солай жасады, олар педагогикалық емес мамандықтарда оқыған студенттерін басқа жоғары оқу орындарына ауыстырған.  

Ал, бұл бағытта білім беретін 30 оқытушы жұмыссыз қалмайды,-дейді Анастасия Алиясова. Оларды да жұмысқа қабылдау туралы да келісім бар. Жұмыс орнын ауыстырғысы келмейтіндерге басқа құрылымдық бөлімшелерде қызмет ұсынылады. 
 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

«Серпіндік» студенттер серпіле алмай тұр
17:45, 23 қыркүйек 2021
«Серпіндік» студенттер серпіле алмай тұр
Толығырақ...
«Тәуелсіздік жетістіктері» ашық сабағы өтті
04:25, 21 қыркүйек 2021
«Тәуелсіздік жетістіктері» ашық сабағы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
12:02, 21 қыркүйек 2021
Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
Толығырақ...