ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды

15:32, 28 шілде 2021

Павлодарлық оқушылар Литвада өткен байқауда күміс медальға ие болды. Физика пәнінен Халықаралық олимпиада 17-25 шілде аралығында Вильнюс қаласында онлайн форматта өткен. Аталмыш білім додасына қатысып келген оқушылармен тілшіміз тілдесті.

Павлодарлық оқушылар тағы бір халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді. Бұл жолы Литвада өткен физика пәнінен білім додасына бізден 2 оқушы қатысты. Онлайн түрде ұйымдастырылған шарада жерлестер жарап, күміс медальға ие болды.

Антон Драганчук, олимпиада жеңімпазы:

Біз шығарған есептер өте қызық болды. Бәрі электронды болды, ешқандай құрылғыларды қолданған жоқпыз. Қолымызда электронды плата, планшет қана болды. Сол арқылы шештік. Екі кезең болды. Есептердің барлығына 5 сағат кетті. Уақыт тез өтті, сондықтан барынша есептерді тез шығаруға тырыстық.

Бұл олимпиада – оқушылар арасында өтетін физика пәні бойынша жыл сайынғы бірегей зияткерлік жарыс.  Онда бақ сынаған Қазақстандық құрама Нұр-Сұлтан қаласында жиналған.  Командадағы 5 адам 5 сағат бойы берілген тапсырмаларды шығарыпты. Ал, жалпы олимпиадаға 176 адам қатысқан.

Дінмұхаммед Рахимжанов, олимпиада жеңімпазы:

Бұл олимпиада жылда әртүрлі елде өткізіледі. Былтыр Ресейде болса, биыл Литвада ұйымдастырылды. Жалпы 30-дан аса елден 176 қатысушы болды. Мен үшін бұл екінші халықаралық олимпиада.

Айта кетейік, жеңімпаздардың екеуі де қаламыздағы №8 лицейдің оқушылары.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Халықаралық тәжірибе алмасу форумы өтті
09:52, 16 қыркүйек 2021
Халықаралық тәжірибе алмасу форумы өтті
Толығырақ...
«Сары қыз» кітабының тұсауы кесілді
19:12, 14 қыркүйек 2021
«Сары қыз» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...
№ 24 мектеп-гимназиясы 50 млн теңге иеленді
18:27, 14 қыркүйек 2021
№ 24 мектеп-гимназиясы 50 млн теңге иеленді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...