ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Павлодарлық оқушы ҰБТ-дан 140 ұпай жинады

22:40, 8 маусым 2021

Павлодарлық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, «Білім - Инновация» қоғамдық қоры хабарлады. Жас түлек алтын белгі иегері. Бүгінде оқитын мамандығы мен білім ордасын таңдап қойды ма?

Данияр Уәлиев Павлодар қаласындағы Білім инновация лицейінде оқыды. «Алтын белгі» үміткері Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп,  140 ұпайға ие болды. Ата-анасы мен өзі білім алған оқу орнының, ұстаздарының үмітін ақтады. Данияр елімізде 140 балл алған әзірге алғашқы түлек.

Данияр Уәлиев, Павлодар ерлер Білім инновация лицейінің түлегі:

Шынымды айтсам жоғары ұпай алғым келді. Мотивация болды. 11-сыныпта толығымен дайындалдым. Бар күшімді оқуға салдым. Энергетика саласында инженер болғым келеді. Қазір СДУ маған грант берді, қарастырып жатырмын. Басқа университетті де таңдауым мүмкін. Алғашқы білімді әрине елде аламын. Кейін шетелде оқуым мүмкін.

Айта кетейік 2021 жылдың 6 мамыры мен 30 маусымы аралығында тестілеу жаңа электронды форматта өткізілуде. Мектеп бітіруші түлек оны екі рет тапсыруға құқылы, содан кейін ол ең жоғары нәтижесімен мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Дархан Садырбаев, Павлодар ерлер Білім инновация лицейінің химия пәнінің мұғалімі:

Біздің лицейімізде биыл 50 оқушы аяқтағалы жатыр. 48 ҰБТ қатысады. Данияр алғашқысы деп ойлаймыз. Даниярдан кейін 128 ұпай болып тұр.

Естеріңізге салайық, облыстың 227 түлегі «Алтын белгі» төсбелгісіне, 192 – үздік аттестатқа үміткер. 11-сыныптың 4483 оқушысының ішінен 3811-і ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге ниет білдірді. Биылғы жылы ҰБТ жаңа электронды форматта яғни «бір тест тапсырушы - бір камера - бір компьютер» қағидаты бойынша өткізіліп жатыр.
 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
22:22, 30 шілде 2021
Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
Толығырақ...
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
15:32, 28 шілде 2021
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...