ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Өңірге оқу-ағарту министрі келді

12:50, 18 маусым 2022

Павлодар облысына жұмыс сапарымен оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келді. Ведомства басшысы алдымен Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің жұмысымен танысты.

Ақпараттық технологиялар колледжі - экономиканың барлық саласы үшін IT-мамандарды даярлайтын заманауи кешен. Әсіресе робототехниканы енгізіп жатқан кәсіпорындар үшін аса қажет. Асхат Аймағамбетов заманауи жабдықталған шеберханалар мен зертханаларды аралады.

Сондай-ақ, ведомства басшысы айти хаб базасында құрылған өзекті мамандықтар орталығына барды. Жаңа құрылымдық бөлімше талапкерлерге болашақ мамандықтарын анықтауға көмек береді.

Бұдан кейін "Өндіріске арналған кадрлар: ұсыныс және сұраныс" атты дөңгелек үстел өтті. Министр колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жауап беретін ұйымдар мен өндіріс өкілдерімен кездесті.

Асхат Аймағамбетов, ҚР оқу-ағарту министрі:

Жалпы Павлодар облысы орта деңгей білімін алатын болсақ,  еліміз бойынша ең алдынғы қатарда тұрған өңірлердің бірі. Облыс басшылығы колдждерге көңіл бөліп, үлкен жетістіктер болып жатқаны бізді қуантады. Байқауымша, бұл әдемі құрылғылар ғана емес, бұл ең бастысы мазмұны. Яғни, оқу бағдарламалары тиісті деңгейде екенін білдіреді.

Айта кетейік, бұл білім мекемесі кәсіпкерлік концепциясын жүзеге асыруды көздейді. Осылайша бұдан пайда табатын экономика секторларында тиімді жұмыс істейтін IT-мамандар шоғыры қалыптасады.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Биыл оқу орындарына 9290 түлек оқуға түседі
10:08, 4 шілде 2022
Биыл оқу орындарына 9290 түлек оқуға түседі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...