ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Өңірде «Заманауи мектеп» жобасы жалғасуда

18:24, 22 шілде 2021

Үстіміздегі жылы өңірімізде «Заманауи мектеп» жобасы өз жалғасын табуда. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы аталған жоба аясында алты облыстық мектеп күрделі реконструкциядан өткен болатын. Биыл қанша мектепте жоба жүзеге асады? Қанша қаражат бөлінген?

"Заманауи мектеп" – жобасы аясында биыл Павлодар облысында 6 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады. Екеуі Ақсу қаласында, ал төртеуі облыс орталығындағы білім беру ошақтары.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:

Заманауи мектеп деген – ол тек қана күрделі жөндеу емес, бұл жалпы мектептің аурасын өзгерту, мектепке жаңа бренд қалыптастыру. Ол жерде күрделі жөндеумен қатар, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Мұғалімдердің де, оқушылардың да жағдайы жасалатын болады.

Келер жылы 8 мектеп күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Олардың жобалары бүгінде әзірленген. Жалпы, 2025 жылға дейін облысымыздың 82 мектебінде «Заманауи мектеп» жобасы жүзеге асырылатын болады.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:

Жөндеу ғана емес, сонымен қатар жаңа құрал-жабдықтарды, жиһаздарды сатып алу шығындарынан тұрады. Сондықтан да, бір мектепке жобамен 700 миллионнан 1 миллиардтқа дейін ақша бөлініп отыр.

Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясының сайлау алды платформасы негізінде ауылдық аймақтарда 54 мектепте қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілмек.

 

Мөлдір Бультекова

Тақырып бойынша материалдар

Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
22:22, 30 шілде 2021
Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
Толығырақ...
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
15:32, 28 шілде 2021
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...