ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Оқушылар мектепке қайта оралды

19:19, 24 қаңтар 2022

Бүгіннен бастап оқушылар мектепке қайта оралды. Өңірде бала саны 600-ден аспайтын 306 білім ордасы жұмысын штаттық тәртіпте бастады. Жалпы, білім беру мекемелерінің жұмыс алгортмі қандай? Рет-ретімен тілшіміз айтып берсін.

Білім беру ұйымдарының дәстүрлі түрде офлайн форматқа көшу туралы шешімді коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Өңірде барлығы 359 мектеп бар. Бірақ ондағы оқитын 112 559 бала білімді түрлі форматта алады.  

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Қазіргі уақытта 95 мыңнан астам баланы қамтитын 306 мектеп штаттық форматта жұмыс істеп жатыр. Оның 271-і ауылдық, 13 мамандандырылған және 22 қала мектептері. Бұл өңір оқушыларының 85 пайызын құрайды. Ал, 53 мектептің балалары әлі де қашықтықтан оқытылады. Жауапты басқарма білім беру мекемелерінің өзіндік жұмыс алгортмі бар екендігін айтады.

Нұргүл Азанбаева, білім беру басқармасының бөлім басшысы:

Бұл мектептің 50 пайыз қуаттылығына байланысты  мектеп әкімшілігі де шеше алады. Сонымен қатар, әрине ата-аналардың өтініштері ескеріледі.  Жалпы бізде Павлодар қаласында 1-4 сыныптар штаттық форматта, 6-7-8 сыныпқашықтық форматта және 9-10-11 сыныптар штаттық форматта. Неге бұлай алынған? Бұл 9-10-11 сыныптар қорытынды аттестациялауға дайындалу керек. Осылай мектеп әкімшілігі шешіп отыр.

Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтінішін де ескереді. Бұдан бөлек, басқарма мәліметінше облыстағы барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Нұргүл Азанбаева, білім беру басқармасының бөлім басшысы:

159 балабақша және 221 шағын орталықтар. Бүгінгі күні 19 144 бала тәрбиеленеді. 56,1 пайызды құрайды. Карантинге жабылғандар жоқ.

Бүгінде өңірде індеттің өршіп тұрған кезінде коронавирус жұқтырған 200-ден астам бала мен 175 мұғалім ем қабылдап жатыр.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...