ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Облыс әкімі ЖОО-ның жұмысымен танысты

08:28, 17 қараша 2021

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарымен Торайғыров университетіне барды. Мұнда аймақ басшысына университет ғалымдарының жобалары мен лабороториялық зерттеулердің нәтижелері таныстырылып, ғылыми қоғамдастықты мазалайтын мәселелер туралы айтылды.

Алдымен, коворкинг-орталықта Әбілқайыр Сқақов Торайғыров университеті ғалымдарының  бизнес жобаларымен және ғылыми әзірлемелермен танысты. Олардың қатарында тримарандар мен жеке қорғаныс құралдарының өндірісі, VR-қосымшалар жасау, органикалық косметика мен сұйық сабын әзірлеу, креативті жиһаз құрастыру және тағы да көптеген жобалар болды. Жергілікті IT-мамандар әскери кафедра үшін арнайы компьютерлік бағдарлама құрастырып шығарды. Сонымен қатар, осындағы зертхана астықты талдаумен де айналысады.

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің зертханасында облыс әкіміне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен байланыс туралы айтылды. Агроөнеркәсіптік кешен үшін түрлі зерттеулер жүргізетін жергілікті ғалымдар өз қызметін коммерциаландырып үлгерген. Олардың жобаларының қатарында мүйізді ірі қараны биотехнология арқылы тездетіп көбейту әдісі де бар. Ғылыми қызметкерлер осылайша сиырлардың сүт өнімділігін арттыруды ұсынып отыр. Ал,ғылыми орталық картоптағы вирустарды анықтаумен айналысады.
Computer Science факултетінің базасында Әбілқайыр Сқақовқа IT-мектепттің жобасы таныстырылды. Мұнда ақпараттық технологиялар мамандарын 14 жастан бастап даярлау мүмкіндігі бар. Бұл web-бағдарламалау, Python-бағдарламалау, Big Data-мен жұмыс істеу, толықтырылған 3D-шынайылықпен қатысты. 

Дария Әбікенова, факультет деканы:
Біз мерзімі 2 айдан 12 айға дейінгі курстарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыста біз «Жаңа мамандықтар атласы» мен ірі кәсіпорындардың сұранысын қамтитын боламыз. Қазір бізде 32 штаттық оқытушы мен 7 шақыртылған сарапшы бар. Әрине, біз ІТ саласында өз жобаларын жүзеге асыратын мамандармен де жұмыс істеуге әзірміз.
Сонымен бірге, аймақ басшысы «Өлкетану» университетінің кітап көрмесі мен жаратылыстану ғылымдары факультетінің зертханасымен де танысты. Дәріс аудиторияларының бірінде әкім Павлодар облысының жас ғалымдарымен сұхбаттасты. Ол қазіргі кезде ғылыми ой-таным экономикалық дамудың негізі екендігін еске салып, сондықтан, мемлекеттік органдар мен бизнес университеттермен және ғылыми қауымдастықпен тығыз әрекет етуі қажеттігін айтты. 
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Біз бизнес, ғылым және биліктің синергиясына ұмтылуымыз керек. – Сондықтан, біз әріптестікке мүделлілік танытып, бір-біріміздің сұраныстарымызды қалыптастыруларымыз керек. Қазір мен мемлекеттік басқару жүйесін трансформациялау міндетін қойып отырмын. Алайда, тек мемлекеттік аппаратта ғана көзқарасты өзгертумен нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Трансформация барлық деңгейде жүру керек.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар павлодарлық ғалымдарды толғандыратын сауалдарды қоюға мүмкіндік алды. Олар аймақ басшысының назарын ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған өңірлік бағдарламалардың жоқтығына аударды. Кездесуде іскери ұсыныстар да айтылды.     Әбілқайыр Сқақов жергілікті атқарушы органдар мен жоо-ың тиімді әріптестігі үшін Жол картасын қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, ол шенеуніктер мен ғалымдардың арасындағы диалогты белсендіру үшін салалық басқармаларды тиісті факультеттер мен кафедраларға бекітуді ұсынды.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Шығармашылық орталықтың жұмысы қарқынды
18:30, 28 қаңтар 2022
Шығармашылық орталықтың жұмысы қарқынды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...