ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Назарбаев мектебінде 104 оқушы мектеппен қоштасты

21:57, 25 мамыр 2022

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да бүгін мектебімен қоштасты. Екі жылдық үзілістен кейін салтанатты шара кең көлемде атап өтілді. Алдымен жыл бойы үздік нәтиже көрсеткендер марапатталды.

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде биыл 104 түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Олардың барлығы үш тілді меңгерген, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері. Емтихандарын ойдағыдай тапсырып, енді үлкен өмірге аяқ басқалы тұр.     

Малика Шоғанбай, Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  түлегі:

Осы жылы міне аяқтап жатырмын. Шынымды айтсам толқып тұрмын. Барлық қызықты өткізді. Болашақ мамандығымды дәрігерлікпен байланыстырмақпын. 

6 жыл бойы білім беріп, балаларындай боп кеткен оқушыларды ұстаздары, кураторлары да қимай тұр.    

Ақерке Рахманова, Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  кураторы:

Бүгінде оқушылар 12 жыл оқыған мектебін аяқтап, үлкен өмірге аяқ баспақ. Емтихандарын ойдағыдай тапсырды. армандаған арманына жетіп, барлығына сәттілік тілеймін.

Шара барысында жыл бойы республикалық, халықаралық олимпиадаларда бой көрсетіп, қанжығасын майлаған үздіктер марапатталды.

Айта кетейік, мектеппен қоштасқалы тұрған 102 оқушының 26-сы әлемнің  жоғары оқу орындарына шақырту алған. 

Ринат Жұмабаев, Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  директоры:

Барлық ұстаздарға  рахметімді айтамын. Оқушылардың жетістігі ол біздің жетістік. Оқушылар айлтстан 6,8 ұпай алдық.  26 оқушымыз университтерден шақыру қалтасында. Олар әлі де күтуде.

Сыңғырлап соңғы қоңырау, осылайша түлектер алтын ұя мектептерімен қоштасты.  

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар