ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МҰҒАЛІМДЕРГЕ ВАКЦИНА САЛУ МӘЖБҮРЛІ МЕ?

18:14, 18 ақпан 2021

Коронавирусқа қарсы вакцина өңір мұғалімдеріне мәжбүрлі түрде салынбақ па? Әлеуметтік желіде ұстаздардың бұған қатысты шағымдары нені білдіреді? Жалпы аймақта қанша мұғалімге екпе салу жоспарланып отыр? Бұл сұрақтардың жауабын білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты.

1 ақпаннан бастап аймақтың 900-ден астам медициналық қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды. Екінші кезеңде мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары екпе салдырады деп жоспарланып отыр. Алайда әлеуметтік желіде мұғалімдерді вакцинациялау мәжбүрлі түрде жүргізіледі деген шағымдар пайда болды. Пікірді өңірдің бас педагогы жоққа шығарып отыр.    

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:  

Біздің тарапымыздан және мектеп директорлары тарапынан вакцина жасау талабы қойылған жоқ. мүмкін кейібір жерде тапсырма болса да тоқтаттық. Жалпы адамның вакцина қабылдамауы таза өз еркіндегі мәселе.

Дінислам Болатханұлының сөзінше, мектеп басшылығы мұғалімдерге вакцина салдыру жайлы талап қоятын болса, бірден басқармаға хабарласуға болады.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:  

Осы мәселе бойынша жиын өткіздік. Және аудандық білім беру бөлімдері басшыларына айттық. Ешқандай қинап өз еркінен тыс талабы қойылмасын. Егер ондай жағдай тіркелсе білім басқармасына хабарласып, айтуға толық мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, қазір аймаққа әкелінетін вакцинаның дозасын есептеу үшін екпе алатындардың тізімі жасалып жатыр. Коронавирусқа қарсы вакинациялаудың екінші кезеңі наурыз айында жалғасады деп жоспарлануда.   

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...