ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫ

20:02, 22 ақпан 2021

Павлодар облысындағы Достық үйінде алғашқылардың бірі болып мектеп және студенттік медиацияны ілгерілету туралы авторлық, пилоттық жоба басталды. Бүгінгі таңда білім беру процесіне қатысушылар арасындағы жанжалды шешуде медиацияны қолдану бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Жобаның негізгі міндеті-жастар арасында жанжалдаспаудың жолын үйрету.

Медиация рәсімі құпия болып табылады. Медиатор шарттарды талап етпейді, ешкімнің мүдделерін қолдамайды, кеңес бермейді. Ол тек-медиативті әдістерді қолдана отырып, келіспей қалған қос тарапты ортақ мәмілеге әкелетін жолды көрсетеді. Әрі қарай, тақырыпты талқылып, келіссөздер процесі жүргізіледі.

Ольга Николашина, «Қоғамдық келісім» медиация орталығының басшысы:

Мектеп медиациясын құрудың негізгі мақсаты-білім беру процесінің барлық өкілдерінің құқықтық мәдениетін арттыру. Бұл оқу орындарында жанжалсыз ортаның қалыптасуы. Бұл қолмен істегенді мойынмен көтеріп үйренгуге де септігін тигізеді.

Мұғалімдер мен студенттер және олардың ата-аналары арасындағы түсініспеушілік барлық уақытта болған. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Әрине, осындай мәселелердің алдын-алу керек. Барлық мүдделі және құзыретті адамдар қосылуы керек. Мектеп медиациясы қызметін құру жанжалдан сауатты шығуға мүмкіндік береді. Осы жобаның апробациясынан өткен мектептердің тәжірибесіне сүйене отырып, оған оқушылардың өздері таңдаған балалар кіруі тиіс.

Ольга Николашина, «Қоғамдық келісім» медиация орталығының басшысы:

Бұл бала өз ортасында беделді болуы шарт. Ол сонда ғана өзінше жүктелген жауапкершілікті сезінеді. Көбінесе бұл қызметке мұғалімдер ұсынбаған балалар таңдалды. өз құрдастары оларға сенім артып, бұл ұсынысты кейін педагогикалық ұжым да қолдай кетті.

Бұл жобаның болашағы зор, дейді медиаторлар. Онлайн оқытуға қарамастан, даулы мәселелер аз болды. Әр жағдай үшін сауатты көзқарас пен шешім де табылады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Галина Трощева

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
19:35, 5 мамыр 2021
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕКТЕП БОЛАШАҒЫ – ЖАС МҰҒАЛІМ ҚОЛЫНДА
18:11, 20 сәуір 2021
МЕКТЕП БОЛАШАҒЫ – ЖАС МҰҒАЛІМ ҚОЛЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰСТАЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:50, 14 мамыр 2021
ҰСТАЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...