ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Мектеп – кеме, білім - теңіз

18:26, 1 қыркүйек 2021

Шаһардағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернаты жаңа оқу жылына балаларды құшақ жая қарсы алды.

Бүгін оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар үшін ерекше күн. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернаты балаларды құшақ жая қарсы алды. Білім ордасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаты өтті.

Мағзұм Имантай, 11 сынып оқушысы:

Бүгінгі білім күніне орай өзімнің жүрекжарды өлеңімді сіздерге айтып берсем деймін.

Ақдәулет Қаббар, 11 сынып оқушысы:

Көптен бері аңсатқан мектепке де бүгін қадам басып отырмыз. Барлық оқушылар мен ұстаздарды алғашқы білім күнімен құттықтағым келеді. Өзіммен қатарлас 11 сынып түлектеріне тілейтінім тек қана сәттілік. Алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, өз армандарына жете берсін.

«Мектеп – кеме, білім – теңіз». Ақиық ақын Қасым Аманжолов мектептің қадыр-қасиетін осылайша жырлаған. Болашаққа бағыт-бағдар беретін білім ордасында айтулы жаңалық көп.

Шоқан  Қалдыбаев, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернатының директоры:

Қарашаңырағымызға осы жылы 60 жыл толғалы отыр. Жалпы 60 жылдың қарсаңында мектебімізде үлкен күрделі жөндеуден өтті. Ұстаздарға деген, оқушыларға деген барлық толыққанды жағдапй жасалды. Жалпы біз оқу жылына  толық дайынбыз. Шәкірттердің бәрі келді, жатаөханаға орналасты. Толыққанды дайынбыз деп айтуға боалды.

Айта кетейік, биыл Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы, гимназия интернатының 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай, алдағы уақытта білім ордасында ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ.

 

Бақытнұр Бейсенбай

Тақырып бойынша материалдар

«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
21:40, 18 қазан 2021
«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...