ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Кәсіпкерлер қосымша білім беру қызметін көрсетеді

19:53, 12 шілде 2021

Балалардың бос уақытын қамту мәселесі шешіліп жатыр. Енді жеке кәсіпкерлер мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша білім беру қызметін көрсететін болады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысымен онлайн форматта өткен баспасөз конференциясы барысында белгілі болды.

Өңірде барлығы 39 мемлекеттік және 150 жеке меншік қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру алғаш рет жүргізілетін болады. Бірнеше бағыт қарастырылған – туристік, экологиялық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-педагогикалық, көркем-эстетикалық, сондай-ақ спорттық және музыкалық.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:

Министрліктің 122 бұйрығына сәйкес, енді қосымша білім беру ұйымдарына біздер мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыра аламыз. Және кез-келген бизнес өкілі, яғни осы салада айныластын бизнесмендер бұрын балаларды тек қана ата-аналардың қаражатына оқытатын болса, қазір мемлекет тарапынан да сол қаржы бөлінетін болады.

Өңірде балаларды қосымша біліммен қамту 94% құрайтынды. Білім беру басқармасы мемлекеттік тапсырыстан басқа жұмыс істеп тұрған мемлекеттік білім беру ұйымдарында, оның ішінде ауылдарда үй-жайларды, спорт залдар мен алаңдарды, акт залдарын жалға алу мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, бизнес қауымдастықтарына жеке мектептер мен жатақханалар салу ұсынылған.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:

Бизнес өкілдері бізге балаларға арналған үйірмелер, секциялар ашу бойынша кез келген ұсыныспен келе алады. Бұл үшін бізде қандай да бір стандарттар, оқу жұмыс жоспарлары немесе толтырылуы керек қағаздар жоқ.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін жеке кәсіпкер ұлттық білім беру деректер базасында тіркеуден өтуі қажет. Қосымша сұрақтармен 62-52-77 нөмірі бойынша облыстық білім басқармасының ақпараттық технологиялар орталығының әдістемелік бөліміне жүгінуге болады.

Мөлдір Бультекова

Тақырып бойынша материалдар

Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
22:22, 30 шілде 2021
Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
Толығырақ...
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
15:32, 28 шілде 2021
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...