ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Қазақ тілін тегін үйреніңіз

18:43, 28 шілде 2021

Ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айларында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі түрлі санаттағы азаматтар үшін тегін қазақ тілін оқыту курсын өткізді. Осы уақыт аралығында оқу курсына 450-ден астам адам қатысқан. Жобаның жүзеге асуына «Ана тілі» орталығы қолдау білдіріпті.

Жыл сайын ұйымдастырылатын жоба зум платформасы арқылы онлайн форматта өткізілген. Бұған жергілікті бюджеттен 2 млн теңге қаражат бөлінген. Мамандардың сөзінше бірінші жартыжылдықта ұйымдастырылған оқу курсынан 450-ден астам адам өтіпті.

Ілияс Серімұлы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

Осы курстарға 450-ге жуық адам жазылып, оқып шықты. Олар пандемияға байланысты онлайн режимде зум арқылы өткен болатын. Аптасына үш рет. Жалпы аптасына екі сағаттан алты сағат. Былтырға қарағанда былтыр 370 адам оқудан өткен болатын. Онлайн арқылы.

Иә, былтырғыдан қарағанда биыл тіл уйренуге ниет білдіргендер саны басым. Мамандардың айтуынша, 3 айлық оқу курсынан өткендерге ешқандай шектеу жоқ. Әрі қарай жалғастырамын деушілерге тірлі бағдарламалар бар көрінеді.

Ілияс Серімұлы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

Курстарды жалғастырамын, оқимын деген кісілерге жыл сайын жалғастырып отырады. Өйткені «Ана тілінде» өзінде акциялары болады. Мысалы былтыр бізде үй ішімізбен қазақ тілін үйренейік деген акция болды. ол акцияға көп кісілер жазылып, қазір сабаққа қосылып, үйреніп жүр.

Алдағы уақытта бюджеттен қаражат қарастырылатын болса, жоба жалғасын таппақ.  

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Халықаралық тәжірибе алмасу форумы өтті
09:52, 16 қыркүйек 2021
Халықаралық тәжірибе алмасу форумы өтті
Толығырақ...
«Сары қыз» кітабының тұсауы кесілді
19:12, 14 қыркүйек 2021
«Сары қыз» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...
№ 24 мектеп-гимназиясы 50 млн теңге иеленді
18:27, 14 қыркүйек 2021
№ 24 мектеп-гимназиясы 50 млн теңге иеленді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...