ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ҰБТ

18:05, 20 қаңтар 2021

2021 жылы Павлодар облысының мектептерін 4 400-ден астам түлек тәмамдайды. Олардың шамамен 75% - ы қаңтар айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Қазіргі жағдайда түлектердің ҰБТ тапсыруында қандай өзгерістер болмақ? Бұл туралы егжей-тегжейлі алдағы бейнематериалда.

Қаңтар айындағы ҰБТ тапсыратын түлектердің саны 3 348.  Ағымдағы тестілеудің көптеген артықшылықтары мен  жаңашылдықтары бар.  Біріншіден, жақсы ұпай жинаған талапкер алғашқы нәтиже арқылы-ақ жоғары оқу орнына ақылы негізде түсе алады. Сондай-ақ,  бұл түлектердің осы күнге дейін жинаған білім қорын, өзін-өзі тексеру мүмкіндігі.  Айта кету  бұл жолы тапсырмалардың саны да өзгертілген.   

Жанат Асайынова, мемлекеттік комиссия мүшесі:

Бұрын тапсырмалар саны басқаша болатын. Биылғы жылы Қазақстан тарихы мен математика пәндері бойынша 15 тапсырма, оқу сауаттылығы бойынша 15 тапсырма берілді. Екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырма. Тестілеу тапсыруға 240 минут, яғни 4 сағат беріледі. ҰБТ-ға қатысушылар барлығы 140 балл жинай алады.

Қаңтар айындағы тестілеуде Павлодар облысында 7 пункт іске қосылды. Бұл: Ақсу, Ақтоғай және Баянауылдағы мектептер мен 3 жоғары оқу орны.   Бірінші күні жұмыс істейтін 4 пунктте  600-ге жуық адам тест тапсырады. ҰБТ өткізу кезінде әлеуметтік арақашықтық, дене қызуын өлшеу, бетперде тағу  тәрізді талаптар қатаң сақталатын болады. Ал мемлекеттік комиссияның мүшесі Жанат Асаинованың айтуынша наурыз айындағы тестілеуді түлектер компьютерлерде тапсырады деп күтілуде. Бұл әдіс уақытты едәуір үнемдеуге, қысқа мерзімде нәтиже алуға және апелляцияға дереу жіберуге мүмкіндік береді.

 

Ринат АБДУЛКАЮМОВ, Гүлсара МӘЛІКОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...