ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Әліппе QR-кодпен оқытылады

14:43, 3 қыркүйек 2021

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер биыл әліппемен қауышады. Осыдан бірнеше жыл бұрын әліппе мектеп бағдарламасынан алынып, орнына сауат ашу оқулықтары енгізілген еді. Тағы бір жаңашылдық, әліппе кю ар кодпен оқытылады.

Сіз бен біз оқыған әліппе 1-сынып оқушыларына қайта  оралды. Қоғамның қызу  талқысынан кейін  тарихи қателік түзелгендей. Салалық министрлік Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесіне сүйене отырып, Әліпбидің жаңа нұсқасын дайындады. Оқушылар алғашқы оқулықтары, әліппемен қауышқанына риза.

Дарын Қабдолла, №2 мектептің  1-сынып оқушысы:

Әліппе маған ұнады суреттері көп. Әріптермен танысамын ақылды боламын.

Әліппедегі тағы бір жаңашылдық, енді ол кю ар кодпен оқытылады.

Осылайша, оқулықтардың мазмұны технологиялық әзірлемелермен толықтырылған: смартфон камерасын арнайы QR-кодқа апарған кезде «суреттерді сөйлетуге» болады. Оқушылар еліміздің әнұранын, әндерін, өлеңдері мен ертегілерін тыңдай алады. Айта кетейік,
1-сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. 

Айгүл Жапарова, №2 мектептің бастауыш сынып мұғалімі:

Биыл міне әліппенің бізге қайтадан орлағанына қуаныштымыз. Керемет оқулық. Ахмет Байтұрсынұлының негізделіп отырып жасалған оқулық.

Айта кетейік, қаламыздағы №2 мектепке биыл  бірінші сыныпқа 90-нан аса бала  қабылданды. 

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Халықаралық тәжірибе алмасу форумы өтті
09:52, 16 қыркүйек 2021
Халықаралық тәжірибе алмасу форумы өтті
Толығырақ...
«Сары қыз» кітабының тұсауы кесілді
19:12, 14 қыркүйек 2021
«Сары қыз» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...
№ 24 мектеп-гимназиясы 50 млн теңге иеленді
18:27, 14 қыркүйек 2021
№ 24 мектеп-гимназиясы 50 млн теңге иеленді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...