ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Әдебиет әлеміне қанат сермеп....

19:33, 23 қараша 2021

Жуырда облыстық көлемде «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының бастамасымен «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы өтті. Мыңнан аса білімпаздар қатысқан жыршалар жарысында екібастұздық Айша бибі Алтынбек топ жарды. Жеңімпазбен әріптесім Мөлдір Сағидолла тілдесіп қайтты.

«Тұлпар мініп, ту алған» дүбірлі додасына облысымыздан 1000-нан аса таланты оқушылары бақ сынады. Жас жыршылар арасынан 38 оқушы облыстық кезеңге өтті. Сахна төрінде «Ер Едіге» жырын жатқа айтып, қосымша сұрақтарға жауап берді. Үздіктіктер арасынан топ жарып, қанжығасына бірінші орынды байлаған Айша-бибі Алтынбек жырды 1 ай көлемінде жаттап алған.

Айша-Бибі Алтынбек, байқау жеңімпазы:

Жыр өте көлемді болған жоқ, жырды жаттауға менің 1 ай уақытым кетті.  Осы бір ай көлемінде Едігенің өмірімен танысып мағлұмат ала білдім. Еркеш апай екеуміз жақсы дайындалып, осы сайыста жақсы нәтиже көрсету үшін, күн түн демей еңбек еткен болатынбыз. Сол еңбегіміз ақталып, керемет нәтижеге қол жеткізіп отырмыз.

Бұл жеңіс Айша-бибінің алғашқысы емес. Оқушы бала кезінен әдебиет әлеміне ерекше ықылас білдіріп, тарихи, әдеби кітаптарды көп оқыған. Үздіктер бақ сынаған жарыстарда бой көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне білген.

Еркеш Ағыбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Осы 38 оқушының ішінен «мыңнан тұлпар, жүздік жүйрік болып атанған, лқушым Айша-бибі қалалық кезеңдеде бірінші орын алды, облыстық кезеңдеде бірінші орынды алып, республикаға жолдама алдық. Оқушыма сәттілік тілеймін.

Дана халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді. Ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі ауыз әдебиетінде, ал, жастайынан батырлар жырын жаттап өскен бала елін, жерін құрметтеп ер жететіні сөзсіз. Ұлттық құндылығымызды дәріптейтін дүбірлі дода әлі де жалғасын табады.

 

Мөлдір САғидолла

Тақырып бойынша материалдар

Шығармашылық орталықтың жұмысы қарқынды
18:30, 28 қаңтар 2022
Шығармашылық орталықтың жұмысы қарқынды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...