ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?

21:40, 18 қазан 2021

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Аққулы ауданына биыл 30 маман келген. Олардың ішінде мұғалімдер, дәрігерлер бар. Бәрі де елдімекенде еңбек жолын бастағандарына өкінбейді. Себебі, жан-жақты қолдау байқалады дейді.

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы Аққулы ауданында қарқынды жүзеге асуда. Елдің ертеңі үшін қызмет етуді  жастар ауыл-аймақтан бастауды жөн санап отыр. Шалғайдағы қызметтен ат тонын ала қашпай, жұмыс бастаған маманға бұл жерде қолдау бар. Бастысы мол тәжірибе алуға болады.

Мәди Әйтімов, Аққулы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Қазір жастардың барлығы қалаға кетіп жатыр. Ал, мен айтқым келеді. Ауылда істегенде деңгейі жоғары деп білемін. Оның барлығы болашағын қалайтын жастарға өзінің септігін тигізеді деп білемін.

Гаухар Батжанова, Шарбақты ауылы дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері:

Шарбақтыдағы амбулаторияға жолдама бойынша бардым. Биыл ғана Қарағандыдағы медакадемияны аяқтадым. Ауылда бәрі ұнайды, мол тәжірибе алып жатырмын. Өзім ауылдың қызы болғасын аса қиындық болған жоқ. Бәрі жақсы қабылдады.

Келген жастарға көтермеақы, біртіндеп баспана да беріліп жатыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының Аққулы ауылында жүзеге асу барысы, жастарға жасалып жатқан жағдай мен мүмкіндіктерді талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды. 

Гүлмира Нұрғамитова, «Жалынды жастар» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры:

Кездесуіміздің мақсаты жас мамандарды жинап, кездесу өткізіп, соның аясында көрсету болып табылады біздің мақсатымыз. 

Биыл ауданға 30-дан аса маман келген. Оның ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері бар. Аудан әкімі Абзал Балғабаев   бағдарлама іске қосылғалы ауданға  200-ден аса жас маман келіп, екі қолға бір күрек алғанын жеткізді. 

Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:

Адамның енді адамшылығы ісінен басталады дейді. Сондықтан өздеріңіздің жауапкершілігі елге келіп, елге қызмет жасаймын деп келіп отырсыздар. Істеріңізге сәттілік тілеймін.

Елдімекендерге  ат басын бұрып келетіндердің басым бөлігі педагогтар екені сөзсіз.  Соңғы 3 жылдың ішінде ауданға 70 мұғалім келген. Білім бөлімінің басшысы  мектептер қажетті мамандармен толық қамтылғанын айтты, бірақ шағын мектептерде мәселе барын жасырмады. 

Ерсін Еркенов, Аққулы ауданы білім бөлімінің басшысы:

Бізде ақырғы кезде қажеттілігі орыс тілі, математика қажеттілік. Себебі ауданда 96 пайызы шағын комплектті мектептер. Жүктемесі аздау болғандықтан, осындай қиыншылықтар бар.

Қолына дипломын жаңа алған жас маманға бағдарлама  мол мүмкіндік береді.  «Дипломмен ауылға» - жастар үшін сенімді бастама. 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

 «Worldskills Kazakhstan» республикалық байқауы
08:53, 18 қараша 2021
«Worldskills Kazakhstan» республикалық байқауы
Толығырақ...
Облыс әкімі ЖОО-ның жұмысымен танысты
08:28, 17 қараша 2021
Облыс әкімі ЖОО-ның жұмысымен танысты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...