ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Биыл оқу орындарына 9290 түлек оқуға түседі

10:08, 4 шілде 2022

Елімізде техникалық және кәсіби білім кадрларын даярлау мәселесі өзекті тұр. Осы орайда мемлекетімізде білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Тегін оқытылатын бөлімдер ашылылуда. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар орталығында мәлім болды.

Ағымдағы жылы  техникалық мамандықтарға гранттар саны ұлғайды. Оқу жылында электроник бағдарламашы, конструкциялық материалдарды өңдеу жөніндегі мамандар, техник-биоэнергетик және тағы 25 жаңа мамандық енгізу жоспарлануда.

Гүлмира Баширова, білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

Ағымдағы жылы 9290 адам 11 сыныпты 4270 адам аяқтады. 9 сынып оқушыларыдың бір бөлігі мектептерде оқуын жалғастырса қалғаны техникалық және кәсіптік білім беру орындарына оқуға түсуді қалайды. 11 сынып түлектеріне тоқталатын болсақ ал кейбірі университтеттерге оқуға түседі.

Қазіргі уақытта аймақта 42  колледж бар. Оның ішінде 30 білім ошағы мемлекеттік бағдарлама бойынша білім береді. Жаңа талаптарға сай түлектер еліміздің бірден 4 колледжіне құжаттарын тапсыра алады. Бір айта кетерлігі биылғы жылы жеңілдіктер саны артқан.

Гүлмира Баширова, білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

Жеңілдіктер 9 бағыт бойынша жеңілдіктер қарастырылған. 5 пайыз көпбалалы отбасыларға қарастырылған. 1 процент толық емес отбасыларда және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көзделген.

Мамандардың айтуынша  бюджеттік топқа, яғни, тегін оқуғы түсу үшін түлектің аттестаты орташа есеппен 4,5 ұпай болуы керек. Автоматтандырылған жүйе тегін оқуға арналған бюджеттік орын иелерін анықтайды. Қазіргі уақытта платформаға 2000 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Нәтижесі тамыз айының 20-нан кейін белгілі болмақ.

 

Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Колледждерді дамыту мәселесі талқыланды
17:48, 12 тамыз 2022
Колледждерді дамыту мәселесі талқыланды
Толығырақ...
Облыс мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?
19:14, 10 тамыз 2022
Облыс мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...