ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Бес мектепке күрделі жөндеу жасалады

21:05, 11 мамыр 2022

Биыл Железин ауданындағы бес мектеп күрделі жөңдеуден өтеді. Бұған бюджеттен 600 млн теңге қаражат қарастырылып отыр. Жалпы соңғы үш жылда мемлекеттік бағдарламалар аясында 15 мектеп жаңартылған дейді аудандық білім беру бөліміндегілер.

Бұл Железин ауылының №1 орта мектебіне қарасты шағын орталықтың ғимараты. Нысан 1981 жылы бой көтерген, содан бері екі рет ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Биыл міне қазынадан 50  млн теңге бөлініп, модернизациялау шеңберінде орталық жаңартылу жатыр. Ғимаратта 45 орындық шағын орталық пен 25 орындық интернат болған. Жөндеу жұмыстарына байланысты олар уақытша басқа жерге орналастырылды.

Елена Бегус, №1 Железин мектебінің директоры:

Шағын орталыққа келіп жүрген балалар уақытша балабақшаға ауыстырылды. Интернат балалары осындағы колледждің қарамағына көшті. Әзірге бәрі жоспар бойынша жүргізізіліп жатыр. Ғимараттың шатыры, қасбеті жаңартылып, терезелері ауыстырылады. Жылу жүйесі де жөнделеді.

Мердігер жөндеу жұмыстарын сәуір айында бастаған.  Маусым айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Сая Уәхитова, мердігер ұйымның өкілі:

Қазіргі уақытта біршама жұмыстар атқарылды. Төрт бригада жұмыс жасауда. сыртқы сылақ, ішкі бетон құю жұмыстары даладағы бетонмен тарту жұмыстары. Төбедегі кровля жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Железин ауданында білім беру мекемелері мемлекеттік бағдарламалар аясында жөнделіп жатыр. Мәселен «Ауыл ел бесігі» бойынша Алакөл ауылдық мектебі жаңартылса, модернизациялау шеңберінде аудандағы тағы 4 білім беру ошағы жөндеу жұмыстарынан өтуде.

Жеміс Дүйсекенова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы:

Осы мектепті өзі өтеді.  №1 мектептің өзі өтеді. Содан кейін Есқара мектебі, Железин ауданының үшінші мектебі бар осы төрт ғимарат өтеді. Абаттандыру жұмыстары, спорт ааңдарын жөндеу бар. Едендерді ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Осылайша мектептерді жаңартуға бюджеттен 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Айта кетейік, соңғы 3 жылда «Ауыл ел бесігі» мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында аудандағы 15 мектеп жөндеуден өткен.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Биыл оқу орындарына 9290 түлек оқуға түседі
10:08, 4 шілде 2022
Биыл оқу орындарына 9290 түлек оқуға түседі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...