
Балалар жылы аясында дарынды балаларға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияда топтан оза шауып, үздік болғандар марапатқа ие болды. Білім ошағының ұстаздары мен ата-аналар да назардан тыс қалмады.
«Алтынсарин дарыны» атты марапаттау рәсімі соңғы 5 жылда ауқымды өткізіліп келеді. Осы жолы да мерекелік шара Естай атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Онда жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен оқушылар, ұстаздар және тәрбиелік, қоғамдық жұмыстарға етене араласқан ата-аналар марапатталды.
Мағзұм Имантай, Алтынсарин атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы:
Бұл дарын кешіне жыл бойғы «Ақберен», айтыстар жетістіктермен қатысып отырмын.
Осылайша, гимназияның 2021-2022 жылдары жасалған жұмыстары қорытындыланды. 60 жылдық тарихы бар білім ордасы қазір еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енді.
Шоқан Қалдыбаев, Алтынсарин атындағы гимназияның директоры:
Осы балалар жылы аясында мектепте 90-ға жуық оқушыға жобаларға оқушыларға мадақтама беріп жігерлендіріп отырмыз. 40-қа жуық ұстазымыз бар. Олардың жігерлендіру мақсатында жасап жатқан іс шара.
Айта кетейік, бүгінде Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияда 500-ге жуық бала білім алады.
Самал Қалиқызы