ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Білім күні

18:25, 1 қыркүйек 2021

Павлодар облысында 114 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттады. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Білім күнінде облыс орталығындағы №9 мектеп-гимназияға барып, он бірінші сынып оқушыларымен кездесті.

Облыс әкімінің оқушылармен кездесуі Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналды. Әбілқайыр Сқақов ел тарихының негізгі кезеңдеріне тоқталып, Семей ядролық полигонының жабылуы, 1990 жылдары еліміздің қалыптасуы және елорданың ауысуын еске алды. Ол Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі ретінде заманауи біліммен қаруланған жас ұрпақты атады.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Жастар алдағы онжылдық ішінде мемлекетіміздің даму стратегиясын қалыптастыратын болады. Уақыт өткен соң сіздердің әрқайсыңыз еліміздің қаншалықты өзгергенін көре аласыздар деп сенемін. Ерінбей-жалықпай өз болашақтарыңызды жоспарлай білсеңіздер өмірде өз орындарыңызды табасыздар деп ойлаймын.

Жоғарғы сынып оқушылары облыс әкіміне өз сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, олар Павлодар облысында жастардың шығармашылық дамуына қаншалықты көңіл бөлінетінін сұрады. Аймақ басшысы Павлодарда музыканттар, суретшілер, ақындар және басқа да шығармашыл тұлғалар дағдыларын дамытып, тәжірибесімен бөлісетін өнер орталығын ашу жоспары бар екенін еске салды. Сонымен қатар, оның пікірінше, кітапханалар да жастардың өнерге ұмтылу орталығына айналуы тиіс. Алайда, ол үшін кітаптарды цифрлау арқылы қоймаларды тазартып, пайдаланылмай тұрған аумақтарды босату керек. Сұхбатта жастарды кәсіби бағыттау туралы да айтылды. Әбілқайыр Сқақов оқушыларға өңірде құрастырылған Жаңа кәсіптер атласы туралы айтып, алдағы уақытта облыс көлемінде сұранысқа ие болатын кейбір мамандықтарға тоқталды. Әбілқайыр Сқақов №9 мектеп-гимназияның басқа да оқушыларымен сөйлесіп, білім ордасының түлектері мен демеушілердің қаражаты есебінен жаңартылып, жабдықталған домбыра және көркем еңбек кабинеттерін қарап шықты. Бүгін мектеп-гимназия 2,3 мың оқушыны қабылдады. Алайда, мектеп жоба бойынша оқушылардың бұдан аз санына шақталған. Мектептің оқу сыныптарының ауданын қосалқы ғимарат салу арқылы ұлғайту көзделіп отыр. Құрылысы келесі жылы басталатын жаңа корпуста бастауыш сынып оқушылары білім алады. Жаңа қосалқы ғимараттар №34 және Б. Момышұлы атындағы мектептердің жанында тұрғызылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
21:40, 18 қазан 2021
«Дипломмен ауылға» барған жастардың жағдайы қалай?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...