ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

№ 24 мектеп-гимназиясы 50 млн теңге иеленді

18:27, 14 қыркүйек 2021

Осыдан бір ай бұрын Екібастұз қаласындағы № 24 көпсалалы мектеп-гимназиясы облыс әкімінің грантына ие болды. Білім ордасы 50 млн теңге қаржыны қайда жұмсамақ? Жаңа оқу жылында мектепте қандай өзгерістер орын алды? Кеншілер қаласына барып келген тілші материалында толығырақ.

Бүгінде № 24 көпсалалы мектеп-гимназиясында 1000 бала білім алады. Биыл оқу орнына ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілген. Оқуға қажетті мультимедиялық жабдықтар, компьютерлер, проекторлар сатып алды. Енді әр кабинетте интерактивті жабдықтар бар. Жаңа оқу жылында білім ошағы жас мамандармен де толықты.

Құралай Рахметжанова, № 24 мектеп-гимназиясының директоры:

Биыл мектепке 7 жас маман қабылдадық. Оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған және арнайы орта білім алған мамандар да бар. 3 ағылшын тілі пәні мұғалімі. Оларға біз әрине көмек көрсетеміз. Наставник береміз. Олар жақсы маман болып шығуға көмектесеміз.

Тамыз конференциясының қорытындысы бойынша № 24 көпсалалы мектеп-гимназиясы 50 млн.теңге көлемінде облыс әкімінің грантына ие болды.

Құралай Рахметжанова, № 24 мектеп-гимназиясының директоры:

50 млн теңгені біз мектепті жабдықтауға жұмсайын деп отырмыз. Өйткені біз облыстық «Заманауи мектеп» жобасына кірдік. Күрделі жұмыстар жасалады. Бүкіл құжаттары дайын. Ал, 50 млн теңгенң біз ішкі жиһаздарына, техника, компютерлерге және де кітапхананы жабдықтайық деп отырмыз. Асхананы жабдықтайық деп отырмыз.

Бұл STEEM зертханасы, мұнда ұл-қыздардың шығармашылық идеялары дами түседі.  Оқушыларды оқыту төрт кезеңнен тұрады: инженерия, бағдарлама, робототехника және 3D-модельдеу.

Гүлнұр Бегалина, көркем еңбек пәнінің мұғалімі:

Бесінші сыныпта аптасына бір рет құралдармен жұмыс жасауды көрсетеміз. Алтыншы сыныпта оқушылардың өз идеялары бар. Оны жүзеге асыра бастаймыз. Ал, 7 сыныпта ауқымды жобаларды оқушылармен бірігіп жасаймыз.

Оқушылар әлемнің жеті кереметі «Бәйтерек» макетін жасаған. Айта кету керек, барлық қажетті материалдар мен құралдарды мектеп ұсынады. Бүгінге дейін жеткен жетістіктері де аз емес. 8-сынып оқушылары облыстық байқауда "Болашақ мектебі" макетімен 2-орын алды. Аталмыш жұмыстарға екі ай уақыт жұмсалған.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

«Серпіндік» студенттер серпіле алмай тұр
17:45, 23 қыркүйек 2021
«Серпіндік» студенттер серпіле алмай тұр
Толығырақ...
«Тәуелсіздік жетістіктері» ашық сабағы өтті
04:25, 21 қыркүйек 2021
«Тәуелсіздік жетістіктері» ашық сабағы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
12:02, 21 қыркүйек 2021
Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
Толығырақ...