ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Вице-Премьер Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді

04:20, 21 қыркүйек 2021

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды. Вице-премьер аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовпен бірге ірі ауыл шаруашылық кәсіпорны - «Галицкое» ЖШС-не барып, Павлодар - Семей жолының учаскесін реконструкциялау барысын тексерді, облыс орталығында салынып жатқан «Достық» шағын ауданындағы құрылыс қарқынымен танысты, жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жылыту маусымы мәселелері бойынша кеңеске қатысты.

«Галицкое» ЖШС-ің базасында премьер-министрдің орынбасары кәсіпорынның сүт-тауар фермасында болды. 1000 бас ірі қара малға арналған СТФ мал шаруашылығы саласындағы ең заманауи технологиялармен жабдықталған. Өткен жылдың өзінде «Галицкое» ЖШС-де 6 мың тоннадан астам сүт пен 580 тоннаға жуық ет өндірілді.

Облыс орталығында Роман Склярға Павлодар мен Семей арасындағы республикалық тас жолды реконструкциялау барысы туралы баяндалды. Реконструкция жұмыстары бойынша жолдың 10 шақырымын жаңарту көзделген. Мұнда Павлодардың батыс және шығыс айналма жолдарын жалғайтын «беде жапырағы» үлгісіндегі көлік айрығының құрылысы жүріп жатыр. Мердігер жобаны келесі жылы аяқтауға ниетті еді, алайда вице-премьер республикалық трассаның осы учаскесі бойынша қозғалысты биыл толық ашуды тапсырды. Сонымен қатар, ол «Қазавтожол» АҚ өкілдеріне алдына республикалық маңызы бар жолдарды ағымдағы күтіп ұстауды күшейтуді тапсырды.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Нұр-Сұлтан-Павлодар және Павлодар-Семей трассалары бойынша жол қозғалысы әрқашан, қыста да қамтамасыз етілуі тиіс. Жолдарды күтіп ұстау нормативтерін орындау және трассалар бойында қар тоқтату мәселелерін ойластыру қажет.

Роман Склярға облыс орталығындағы «Достық» шағын ауданын дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Бүгінде мұнда бес көпқабатты тұрғын үй тұрғызылды. Облыс орталығының әкімі Асаин Байханов хабарлағандай, жобаның бірінші кезегі аясында 2022 жылдың соңына дейін 2215 пәтер салу жоспарлануда. Вице-премьер тұрғын үй салуға жеке меншік иелерін белсенді тарту және оларға жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Павлодарда инвестор тұрғын үй құрылысына өз қаражатын салуға және оны «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сатпақ болған инвесторға байланысты оқиға болды, алайда нәтижесінде компания мердігерлікті бюджет есебінен орындауға ғана мүмкіндік алды, - деп нақтылады премьер-министрдің орынбасары. - Осылайша біз жеке бастамаларға тежеу саламыз. Қазір заңнамаға тиісті түзетулер енгізілуде және біз тұрғын үй құрылысы саласында реформа жүргізіп жатырмыз. Бұл құрылыс компанияларын консорциумдар құруға және ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде осындай үлкен аудандарды игеруге ынталандырады.

Облыстық әкімдікте Роман Скляр Павлодар облысының жылу беру маусымына дайындығы талқыланған кеңеске қатысты. Кездесуде Павлодарда орталықтандырылған жылумен жабдықтауды беруге дайындық кезінде жыл сайын тозған желілер және жұмыс істеп тұрған энергия көздері қуаттарының тапшылығына тап болып жатқанын еске салды. Осы мәселелерді аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов облыс орталығын дамытуды тежеуші фактор деп атады.

- Павлодар бүгінде жылумен жабдықтау бойынша техникалық шарттарға арналған жаппай лимитте тұр, - деді ол. - Шын мәнінде, бұл қалада жаңадан ірі объектілер сала алмайтынын және жұмыс істеп тұрған объектілердегі қолжетімді қуаттылығын кеңейте алмайтынын білдіреді. Сондықтан бұл проблемаларды шешу үшін монополисттер тарапынан инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар салу бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар қажет.

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...