ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Түркістан облысынан көкөністер жеткізіледі

19:59, 22 ақпан 2022

Облыста қырыққабаттың бағасы наурыз-сәуір айында ғана арзандайды. Өнім Түркістан облысының аудандарынан ешқандай делдалсыз бірден Павлодар дүкендеріне жеткізіледі. Баға нарық бағасынан 10-15 теңгеге төмен болады.

Павлодар облысының шаруалары өңірді қырыққабатпен толық қамтуға қауқарсыз. Сол себепті, қазір өнімнің бағасы келісіне 350 теңгеге жетті. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары бастаған делегация Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып келді. Ондағы мақсат көктем уақытында ерте шығатын көкөністерді оңтүстіктен арзан бағада тасымалдау. 

Ернұр Жәутікбаев, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

Бүгінгі күні оларда қырықбата, картоп, сәбіз ерте шығады. Олар қазіргі уақытта көкністерін салып шығыпты. наурыз айында алғашқы өнімді ала береді. Сол уақытта баро бағасынан 10-15 пайызға төмендетіп біздің өңірге береді деген келіссөз берді. Ортақ шешімге келдік.

Осылайша облысымызға Келес, Сарыағаш, Мақтарал, Жетісай аудандарынан өнім жеткізілетін болады. Павлодар өңірінің қажеттілігін толық өтейміз, деп сендірді. Көкөністер делдалсыз бірден диқаншының қолынан дүкендерге келеді. Бағасын шаруалар әлі бекітпеген. 

Ернұр Жәутікбаев, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

Диқаншылар мен біздің дүкендегі баға өсәіп кетеді ғой. Өзіміз тікелей келіссөз өткізіп. Әлеуметтік кәсіпкелік корпорациясы ватсап чаттарда отырады екен. Өздерінің топтары бар. сол кезде біз бүкіл бағаны көріп отырамыз.

Ал, меморандум аясында ұсынылатын арзан бағадағы картоп пен сәбіз қазір өңірде жеткілікті.

Ернұр Жәутікбаев, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

Меморандумға қол қойдық, Сол бойынша 30 мың тонна картоп пен 6 мың тонна сәбізге  қол қойылған болатын меморандум бойынша.

Ауыл шаруашылығы басқармасы биылдан сабақ алып, нәтижесінде келер қыста орамжапырақпен мәселе болмайды деп сендіріп отыр. Шаруалар орамжапырақ өсіру көлемін арттырмақ.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...