ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тұрақтандыру қорына тауық еті сатып алынады

08:46, 28 наурыз 2022

Биыл тұрақтандыру қорын қалыптастыруға бюджеттен 1,8 млрд теңге қаражат бөлінген. Басымдық тауық етіне беріліп отыр. Себебі, тауар өндіруші «Қызылжар Құс» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарына жабылып қалған болатын. Сондықтан, әлеуметтік маңызы бар дүкендерге жеткізілетін өнім түрі алдын-ала сатып алынбақ.

«Қызылжар-Құс» ЖШС Павлодар облысындағы құс етін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Бұған дейін алдын-ала несиелеу арқылы тұрақтандыру қорына өз өнімін ұсынып отырған. Негізі тұрақтандыру қоры мен тауар ұсынушы арасындағы келісімшарт сәуір айының 1-ші жұлдызында аяқталуы тиіс еді. Бірақ, құс фабрикасы жөндеу жұмыстарына жабылған.

Әлия Қалиева, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің менеджері:

Тұрақтандыру қорын қалыптасыруға бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінді. Павлодар ӘКК АҚазық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында тауық етін сатып алуды жоспарлауда.

Қазіргі уақытта мамандар тауық етін жеткізетін кәсіпорындарды іздестіріп жатыр. Аталмыш процесс толық жүзеге асырылғаннан кейін ғана өнімнің көлемі мен бағасы белгілі болмақ.

Әлия Қалиева, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің менеджері:

Қазіргу уақытта әлеуетті жеткізушілерді іздеу жүргізілуде. Коммерциялық ұсыныстар сұратылуда. Жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша сатып алудың көлемі мен бағасы айқындалатын болады. Тауық өнімдерін сату Павлодар облысының әлеуметтік дүкендері арқылы жүзеге асырылады.

Атап өту керек, тауық етіп алу жұмыстары сәуір айына жоспарланған. Яғни, бұл сәуірге дейін әлеуметтік дүкен сөрелерінде тауық еті болмайды дегенді білдірмейді.  Мамандар қазіргі таңда тұрақтандыру қорының қоймасында өнімнің қажетті мөлшері сақтаулы тұр,-дейді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...