ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар енгізу

12:12, 23 сәуір 2022

Бизнес-қоғамдастықтың тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті түрде енгізіп, дайындау үшін қосымша уақыт беру туралы пилоттық жоба әзірленді. Бастаманың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында мемлекеттік кірістер департаменті мамандары айтты.

Қазақстан Республикасының Кеден одағының құрамына кіруі және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарада кедендік бақылаудың күшін жою салық органдары үшін жалған жүк алушылардың атына импорт сияқты импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды өндіріп алу бөлігінде кейбір проблемаларға  тудырғаны белгілі. Бұл пилоттық жоба арқылы құжат айналым үрдісін оңтайландырылады.

Руслан Рахымберді, мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

Осыған байланысты мемлекеттік кірістер комитеті электрондық тауарға ілеспе құжаттарды енгізу туралы шешім қабылдады. Еуразиялық экнонмикалық одақ шеңберінде тауарлардың импорты мен экспорты кезінде болады.
Бүгінгі күні тауарға ілеспе жүкқұжат ресімдеу Қаржы министрлігінің бұйрығы негізінде пилоттық режимде жүзеге асырылады. Мұндай жүйені енгізудің артықшылығы, бұл ең алдымен құжат айналымын оңтайландырады.

 

Әйгерім Тоқпанқызы, Артур Поляков

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...