ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Шағын өнеркәсіп - тиімді экономика

19:34, 21 қаңтар 2022

Шағын және орта кәсіптің дамуы ел экономикасының тірегі. Ал, өнім экологиялық тұрғыда таза болса, тіптен абзал. «Қазақ зағиптар» қоғамының өндіріс цехында тұрмысқа қажетті заттар мен киімдер жасалып, нарыққа сатылуда. Бүгін мәслихат депутаттары «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аталмыш қоғамның өндіріс цехында болып, жай-күйлерімен танысты.

Осыдан біршама уақыт бұрын «Қазақ зағиптары қоғамы» қауымдастық бірлестігінің төрағасы Арғынғали Бердиев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына келіп, көмек сұраған. Қазіргі уақытта қауымдастықтың өндіріс аумағында қажетті киімдер мен төсек-жабдықтар, қазіргі сұраныстағы маска, сондай-ақ, өзге де тұрмысқа қажетті киімдер тігіледі. Басты мәселе осы өнімдерді нарыққа шығару. Көпшілікке жеткізуде.

Арғынғали Бердиев,  «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ төрағасы:

Бізге өнімдерімізді нарыққа жеткізу тұрғысында көмек керек. Көрмелер ұйымдастырылып, осындай дүниелер зағиптардың қолымен жасалып жатқандығы кең көлемде насихатталуы қажет. Ортамыздағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға жүмыс пен еңбекақы тұрақты түрде болуы үшін осындай шаралар керек деп ойлаймын.

Зағиптар қауымдастығы осы өндірісті іске қосқанына екі жылдан асқан. Бүгінде өндіріс аумағында 72 адам жұмыс істейді. Оның 42-сі мүмкіндігі шектеулі, яғни, зағип жандар.

Лилия Яковлева, өндіріс цехының аға мастері:

Жейделерден бастап, медициналық халатқа дейін жасаймыз. Арнайы киімдерді де тігеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандар негізінен төсек-жабдықтарын тігуге ат салысады.

Өңіріміздегі ірі кәсіпорындар, жекелеген қызметтегі агенттіктер жиі тапсырыс беріп тұрады. Жұмыс орны тұрақты, өндіріс қуаты мол болу үшін бұдан да басқа мүмкіндіктерді қарастырмақ керек. Кәсіпорын аумағын аралаған депутаттар осындай жеңіл өнеркәсіптің болашағы зор екендігін атап өтті.

Илья Теренченко, «Nur Otan» партиясы ПОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Әр түрлі салада еңбек етіп жатқан депуттар бүгін осында келіп, зағиптар қауымдастығының өндірісі шығарып жатқан өнімдерге тапсырыс берді. Бастауыш партия ұйымдары да алдағы уақытта бұл жұмысқа қолдау көрсетеді деп ойлаймын.

Ел Президенті Қазақстан даму банкі жеңіл әрі эколгияық таза өндірістерге назар аудару керектігін атап өткені белгілі. Шағын өндіріс – тек қана жұмыс көздері ғана емес, сондай-ақ, тиімді экономика.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...