ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодардағы тауар экспортының үлесі қандай?

19:14, 4 қазан 2021

Павлодарда экспорттық шығындарды өтеу және сақтандыру мәселелері бойынша өңірлік сараптама кеңесінің отырысы өтті. Жиында қандай сұрақтар талқыланды? Республика бойынша біздің өңірде өндірілетін тауар экспортының үлесі қандай?

Өңірлік экспорттық кеңеске "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы, "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компанияс және сауда және интеграция министрлігі, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ біздің өңірдің экспорттаушы-кәсіпкерлері қатысты.

Сағыныш Нұркімбаев, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

7 айдың ішінде өңірдегі экспорт көлемі 2 млрд долларды құрады. Бұл ел Тәуелсіздігін алғалы біздің өңірде орын алған ең жоғары көрсеткіш. Ал, өндірілетін өнеркәсіп экспорты 1,3 млрд. Ертіс өңірі облыс бойынша Қарағанды облысынан кейін екінші орында тұр.  

Жиынның басты мақсаты – экспортқа шығарылатын өнім көлемін арттыру. Жалпы облыс бойынша 50-ден астам тауар экспорттаушы кәсіпорын бар. Бұл тізімге ірі өндіріс ошақтарымен бірге, шағын шаруашылықтар да жатады.

Сәкен Шаяхметов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Біздің ет Біріккен Араб Әмірлігі нарығына жеткізілді, ал, макарон өнімдеріне Ресей нарығында сұранысқа мол. Әрине, қымыз сияқты дәстүрлі өнімдер, менің ойымша, басқа нарықтарға шығу үшін жақсы әлеуетке ие.

Қазақстандық экспортты сыртқы нарықтарда қолдаумен және ілгерілетумен KazakhExport мамандандырылған сақтандыру ұйымы айналысады. Ал QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға кеткен шығындардың бір бөлігін өтейді.

Айбар Тайшықов, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығының аймақтық менеджері:

Шығындардың бір бөлігін өтеу мынадай тармақтар бойынша жүзеге асырылады: тауарларды шетелде жарнамалау, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, өкілдікті, сауда алаңдарын, қоймаларды ұстау, тауар белгілерін тіркеу. Ең сұранысқа ие тауарларды – теміржол, автомобиль, әуе, теңіз көлігімен  жеткізу.

2020 жылдың қорытындысы бойынша as Trade компаниясында кәсіпкерлік шығындарды өтеуге жалпы сомасы 5,6 млрд теңге болатын 216 субъектіден 487 өтінім құрды. Оның ішінде Павлодар облысы бойынша шығындар 15 компанияға 183,9 млн теңге сомасында өтелді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...