ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодар облысында қант қоры жеткілікті

19:36, 18 наурыз 2022

Павлодар облысында қант қоры жеткілікті. Өңір тұрғындары тәтті өнімнің тапшылығын қолдан жасап, дүрлігіп жатыр. Бұрын аптасына тұрақтандыру қорынан жеткізілетін дүкендерде 50 тонна қант сатылса, ал қазір тек бір тәулікке сауда 100 тоннаға жетті. Мамандар жеткізіп үлгере алмай жатқандарын айтады.

Павлодардағы тұрақтандыру қоры күн сайын серіктес дүкендерге қант жеткізеді. Қазір қорда 2 мың тонна қант бар, бұған қосымша тағы 1500 тонна әкелінеді. Әлеуметтік қанттың бағасы өзгермеген. Бір келісі 264 теңгеден сатылып жатыр. 

Мейрам Өтешов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Бір тәулікте 100 тонна қант сатылып жатыр. Қызметкерлер дүкендерге қантты жеткізіп үлгермей жатыр. Өңірде қант жеткілікті. Дүрлігуге еш себеп жоқ. Тағы да айтып өткім келеді, қант бар.

Қазір бір адамға қант екі келіден артық сатылмайды. Әлеуметтік дүкендер мен сауда желілеріне уақытша осындай шектеу қойылды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...