ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Павлодар диқандары 1 млн-нан астам дәнді дақыл жинамақ

18:51, 15 қазан 2021

Павлодар облысының диқандары бір миллионнан астам дәнді дақыл жинауды жоспарлап отыр. Мұндай нәтижеге суармалы егістіктерді ұлғайтып, озық аргротехнологияларды енгізу арқылы қол жеткізілді. Шаруалар астықтың сапасы жайлы Ертіс ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовқа айтып берді.

«Три К» шаруа қожалығының басшысы Оразалы Әйтімов аймақ басшысына биылғы жылы 630 гектар аумақта суару жүйесін тұңғыш рет қолданғанын айтты. Нәтижесінде кәсіпорынның жалпы өнімі айтарлықтай артқан. Мал жаюға келмейтін жайылым жерді пайдалану арқылы да 350 млн теңгенің өнімі алынды. Алдағы уақытта екі мың гектар суармалы алқапты іске қоспақ.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Оңай емес. Биыл жауын-шашын да жақсы. Суармалы жерлер іске қосылып жатыр. Бұның бәрі үлкен нәтижеге алып келсін. Ең бастысы барлық жоспарларыңыз сәтті болып, нәтижесінде сіз айтқандай жалпы ішкі өнім 5 есе өссін. Тілектеспін.

Ертіс ауданындағы «Оразбаев» шаруа қожалығы да суармалы егістіктердің көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде кәсіпорын егістіктеріне 5,2 шақырым электр желілері мен 3,2 шақырым су құбырларын тартып үлгерді. Жыл соңына дейін мұнда сорғы орнатылып, келесі жылы шаруалар 280 гектардан астам аумақты суара бастайды. Сапалы жем-шөп базасын құрған соң шаруашылық 620 басқа арналған сүтті-тауарлы ферманың құрылысына кіріспекші.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

Бүгінде шаруашылық есебінен 400 млнға жуық қаражат жұмсалып жатыр. 10 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады. Келімшарт жасалды. 14 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жалпы өнім көлемі шамамен 1,5 млрд теңгені құрайды деп жоспарлап отырмыз.

Әбілқайыр Сқақов «Смағұл» шаруа қожалығының егістік алқаптарында Ертіс ауданының басқа шаруаларымен дн сөйлесті. Өңір басшысы олардың еңбегі бүкіл облыс үшін маңызды екенін атап өтіп, қазіргі кезде фермерлер өз өнімдерін өңдеумен айналысу қажеттігін еске салды.Шаруалардың бұрынғыдай мемлекеттің қолдауына сеніп отыруына болмайды. Болашақта басымдық өз өнімдерін өңдеумен айналысып, жоғары технологиялық өндіріс енгізетін кәсіпорындарға берілетін болады.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Біз мынаны есептеп, бірақ есепсіз мына жобаларды іске асыруға қиын болады. Қателіктер болуы мүмкін. Сол қателіктер болмауы үшін, бар күшті жұмылдыруымыз керек. Сонда ғана нәтиже болады деген сенімдемін.

Шаруалар өткен жыл диқандар үшін сәтті болғанын атап өтті. Олардың сөзін статистикалық деректер де растап отыр. Өңірде 30 жыл ішінде алғаш рет бір миллион тоннадан астам дәнді дақылдар астығын жинау жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артық.

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
19:25, 15 қазан 2021
Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
Толығырақ...
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
21:34, 11 қазан 2021
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
Толығырақ...
Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі
21:27, 11 қазан 2021
Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...