ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облыста 150 мың тонна бидай бар

12:01, 16 наурыз 2022

Бүгінде халықты алаңдатып отырған мәселе көп. Соның бірі астық бағасы. Тіпті, ұн тапшылығы туындауы мүмкін екендігі де айтылып жүр. Алайда, тиісті мекеме өкілдері бұны жоққа шығарып отыр. Республика бойынша да, өңір бойынша да азықтық-түліктік астық қоры жеткілікті екендігін айтады.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында 21 диірмен жұмыс істеп тұр. Оның 7- еуінің тәуліктік қуаттылығы 100 тоннадан асады. 14 диірмен тәуіліге 60 тонна өнім шығара алады. Жалпы Павлодар облысының нарығына жылына 460 мың тонна бидай қажет. Мамандар өңірдің астық қойлмараныда алдағы бес айға жететін астық қоры бар екендігін айтады.

Әсемгүл Бектұрова, ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіледің дерегі бойынша 150 мың тонна көлемінде азық-түліктік бидай бар. Оның ішінде элеваторларда 82,5 мың тонна. Тауар өндірушілерде 67,5 мың тонна. Бес айға жеткілікті көлем бар.

Осыға сәйкес облыста бірінші сұрыптағы ұннан жасалған нан бағасының өсуін тежеу мақсатындағы меморандум бар. 2021 жылдың қазан айында жасалған. Бұл меморандум ауыл шаруашылығын өндіуршілердің 91 субъектісімен жасалған.

Әсемгүл Бектұрова, ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Сегіз ұн таратын кәсіпорымен келісім бар. Нәтижесінде бөлшек саудада нанның бағасы 95 теңгеден аспайды.

Бұдан бөлек нан бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар келісімшарттар әлі де жасалуда дейді мамандар. Бұл келісімдер де бірінші сұрыптағы нан жасалған нан баағсын қымбаттатпауға негізделген.

Әсемгүл Бектұрова, ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Нан бағасын тұрақтандыру үшін «Азық – түлік келісімшарт» кормпорациясымен қол қойылды. Бұл жұмыс асяында «Азық-түлік корпарациясы» АҚ 53,7 мың тонна бидай бөлуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашлығы минитрлігіне жаңа егінге дейін астықты республикадан тыс жерлерге шығаруға тиым салу жөнінде ұсыныс енгізілген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше ел бойынша 6,7 млн тонна азық-түлік бидайы қоры бар.

 

Жанасыл Серікбол

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...