ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Несие алу – оңай, төлеу - қиын

15:15, 11 маусым 2022

Қазіргі уақытта несиесі жоқ адамды сирек кездестіреміз. Тіпті, қарызға белшесінен бастып, несиесін өтей алмай жүрген тұрғындар саны артып келеді. Статистикалық деректерге сүйенсек, қарыздың жалпы көлеміне қарағанда төлемді кешіктіру дерегі күрт өскен. Тұрғындар неліктен қарыздың қақпанына ілігуде? Бұдан шығудың жолы қандай?

Бүгінгі таңда несие рәсімдеуден гөрі, оны төлеу қиын. Бұл азаматтар үшін психикалық соққы екендігі сөзсіз. Себебі, қарызды қайтарамын дегенше адамдар күйзеліске түседі, физикалық тұрғыда әлсірейді. Алина АртюхОва несиені көп алатындығын айтады. Себебі, күделікті айлығы, шайлығымызға жетпейді,-дейді.

Алина Артюхова, қала тұрғыны:

Мен де несиені көп алатын адамдар қатарындамын. Көбінесе бөліп төлеу арқылы аламын. Несиені рәсімдеген кезде пайызына қарамаймыз. Артынан төлей алмай қиналамыз.

Елімізде микроқаржы қызметімен айналысатын ұйымдардың активтері 1 трлн теңгеден асады. Барлық қазақстандық микроқаржы ұйымдарының несие қоры 2022 жылдың бірінші тоқсанында 107 млрд теңгеге ұлғайды және осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша бір жарым трлн теңгеге жуық болды. Облыс бойынша халықтың несие тарихы да тұрақты бола бермейді.

Дихан Төкенов, ҚР ұлттық банкінің экономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы:

2022 жылғы сәуір айының соңында кредиттер көлемі бір айда 4,3% - ға азайып, 489,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 19,9 млрд.теңгеге төмендеді, жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 2,3% - ға 367 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешегі 10 699 млн. теңгені құрады, бұл халыққа берілетін кредиттердің жалпы пайызынан 0,5% - ға артық.

Ал, экономист Марат Қайырленов қазақстандықтардың несиені көптеп алуын азық-түлік құнының қымбаттауымен байланыстырады.

Марат Қайырленов, экономист:

2007 жылы бізде ол 36% құрады. Румыния-ең кедей ел-бұл көрсеткіш 27% болды. 2021 жылы бізде ол 54% - ды құрады. Посткеңестік елдерде ол 18% құрайды. Міне, осы көрсеткіш бойынша біз Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерімен салыстырамыз.

Мамандар несиелерге барлық жауапкершілікпен қарау керек дейді. Оны жасамас бұрын, барлық жағымды және жағымсыз жақтарын өлшеп, ықтимал салдарын есептеу керек.

 

Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
17:26, 25 шілде 2022
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...